- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 23)
Жаңалықтар
-
Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен олимпиада өтті
10 Қаңтар 2013
Астанада 5-10 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл — тәуелсіздіктің символы» атты VI республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
19 Желтоқсан 2012
Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. (1) Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін […]
-
Астана қаласындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне Мемлекеттік тілді дамыту қоры кітаптар сыйға тартты
29 Қараша 2012
2012 жылдың 29 қарашасы күні Мемлекеттік тілді дамыту қоры Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларына мемлекеттік тілдегі 100 кітап пен дискілер сыйға тартты. Бұл әлем ертегілері, оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті және аудиодискідегі қазақ ертегілері. Бұл шараның мақсаты балалардың арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, көп ұлтты Отанымызға деген мақтанышын арттыру, […]
-
Қазақ тілін оқуға қызығушылық артуда
19 Қазан 2012
Омбыда қазақ тілін үйренуге ынта-жігер танытып жатқандар көбейіп келеді, дені жастар. Кейбірі тілді меңгеріп, Қазақстанға көшпек екен. Азамат Хайдаркин — өрт сөндіруші. Жүрегі қазақ деп соққанымен, ана тілінде сөйлей алмайды. Қазір тілді үйренуге талпынып жүр. Ол қарқынды оқу технологиясымен білім беретін Шығыс және еуропалық тілдерді оқыту орталығына барады. «Мұнда Азамат сияқты қазақ тілін меңгеремін деп […]
-
Астанада «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізілді
6 Қазан 2012
Астанада Мемлекеттік тілді дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық прогресс үшін» жас мамандар кеңесі» Қоғамдық қоры Қазақстан-Ресей университеті базасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты.
-
Астана қаласының кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» қалалық байқауы өтті
27 Қыркүйек 2012
2012 жылдың 26 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай Астана қаласының кәсіптік білім беру колледждерінің өзге ұлт оқушылары арасында Қордың қолдауымен «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, өз ойын көркемдеп жеткізу дағдысын қалыптастыру, Отанына, туған […]
-
«Нұр Отан» партиясы жариялаған жыл сайынғы «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының жеңімпаздарына сыйақылар табыс етілді
19 Қыркүйек 2012
Партияның орталық аппаратында үстіміздегі жылдың шілде айында бес номинация бойынша жарияланған «Тілге құрмет — елге құрмет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында төрт жыл бойы өткізіліп келе жатқан байқау партияның дәстүрлі іс-шарасына айналды.
-
«Періште тілек» бала Жамбылдың тұңғыш жинағы
13 Қыркүйек 2012
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорында еліміздің тоғыз жастағы ең жас ақыны Жамбыл Дүйсенұлының «Періште тілек» атты тұңғыш өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Шын мәнінде, жаңа туған күндей жарқырап шыққан жас ақын Жамбылды бүкіл тілеулес елі-жұртына, байтақ Қазақстанға жар сала таныстырып, зор сүйінішпен аталық ақ батасын беріп алғаш тұсауын кескен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болатын. […]
-
Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі-2012 атты сырттай байқауының марапаттау рәсімі өтті
27 Тамыз 2012
2012 жылдың 27 тамызында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ағымдағы тамыз конференциясының аясында «Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі-2012» атты сырттай байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
-
Ақиқатқа айналған арман қала
6 Шілде 2012
Осыдан ширек ғасыр бұрын «Арқа жақтағы Целиноград атты қаланың орнына Қазақ елінің астанасы орналасады, мұнда төбесі көк тіреген зәулім ғимараттар салынады, ол қала әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып, азуын айға білеген көсемдер мен шешендердің басын қосқан шаралар өтетін орталыққа айналады» десе, ешкім сенбес еді. Бос арманға балап, мазақ етер ме еді, кім білсін?!