Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекет басшысы Үкімет назарын «Назарбаев Университеті» әзірлеген мемлекеттік тілді оқыту әдістемесіне аударды

18 Сәуір 2013 | 9:42

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат — «Назарбаев Университеті» әзірлеген мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін білім ордасынан тысқары да кеңінен енгізу қажет.

Бұл туралы бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Назарбаев Университетінің» Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі ауқымды жұмыстар жүргізіп отырғандығына тоқталған Елбасы: «Мен мектептің мемлекеттік тілді оқытудағы жаңа әдістемелер әзірлеуіне қолдау білдіремін»,- деді.

Осы ретте Мемлекет басшысы егерде аталған жаңалық қабылданған болса, онда университеттен тысқары да енгізу ісіне Үкіметтің назар аударуы қажеттігін баса айтты.

«Бізге қазақстандықтардың басым бөлігінің қазақ тілін білгендігі маңызды», — деді Н.Назарбаев.

http://www.inform.kz/kaz/article/2551574