Қордың басты мақсаты — Қазақстанның ұлттық игілігі және қазақ мәдениетінің маңызды бірлігі болып табылатын қазақ тілін дәріптеу, әлемдік қауымдастықта мемлекеттік тіл мен әдебиеттің әлеуетін қолдау және насихаттау, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын жасауға қолдау көрсету болып табылады.
Қордың мақсаты мен басымдықтары
Біздің міндетіміз қазақ тілін еліміздің мәдени кеңістігіне көтеретін инновациялық жобалар мен технологияларды іске асыру, халқымыздың мәдениеті мен тарихын дәріптейтін ақпараттық интернет ресурстар құру.
Қор төрт негізгі бағытта жұмыс жүргізеді:
— мемлекеттік тілдің әлеуетін және тіл үйренуді насихаттау;
— қазақ тіліндегі әдеби қорды дамыту;
— қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасын сақтауға ықпал ету;
— қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдер әдебиетін дамыту.