- Негізгі бет
- Қор жобалары
Қор жобалары
-
Караоке Soyle-мен ән айтып қазақша үйреніңіз!
19 Қараша 2019
Сіздердің назарларыңызға karaoke.soyle.kz жаңа жобамызды ұсынамыз, мұнда сіз қазақ тіліндегі сүйікті әндеріңізді айтуға керемет мүмкіндік аласыздар! Сайттың каталогында классикаға айналған халық әндерімен қатар қазіргі заманғы орындаушылар да бар. Репертуар сәнге айналған танымал әндермен, жаңа туындылармен үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады. Soyle караокеде ән айту үшін сайтқа тіркелу міндетті емес. Барлық әндер көпшілікке қол жетімді. Барлық бейнероликтер […]
-
Telegram қосымшасында қазақ тілін үйренуге арналған «Soyle Bot» іске қосылды
19 Қараша 2019
Егер сіз тіл үйренудің дәстүрлі әдістері жалықтырып, оқуға деген ынта-жігерді жоғалтып алғандардың бірі болсаңыз, онда Telegram-ды пайдаланып, қазақша үйренуді бастаңыз. Енді сіз өзіңіздің сүйікті қосымшаңыздан шықпай-ақ қазақ тілін еркін үйрене аласыз! @Soyle_bot сізге қазақ тілінің қызықты әрі пайдалы сөздік қорын күнделікті әрі кез-келген уақытта тегін үйренуге көмектеседі. Боттың көмегімен сіз өзіңіздің сөздік қорыңызды күніне 10 […]
-
«Ұлы дала аңыздары» («Легенды великой степи») веб-графикалық романдар серияларының тұсаукесері
26 Ақпан 2019
2019 жылдың 25 ақпанында ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобасымен таныстырды. Бұл «Ұлы дала аңыздары» («Легенды великой степи») веб-графикалық романдар сериясы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған игі мақсаттарды жүзеге асыру аясында Қор […]
-
«Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы және Android пен iOs платформаларындағы «Balasoyle» мобильді қосымшаларының ТҰСАУКЕСЕРІ
26 Ақпан 2019
2019 жылдың 25 ақпанында ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобаларымен таныстырды. Бұл «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы, Android пен iOs платформаларындағы «Balasoyle» мобильді қосымшасы. Шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова, «Samruk-Kazyna […]
-
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫ «QAZAQ LATIN KEYBOARD» ЖӘНЕ «RESMIHAT.KZ» АТТЫ ЖАҢА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР АШТЫ
15 Мамыр 2018
Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірлеген екі цифрлық жобасы — смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» мобильді-қосымшасы мен «RESMIHAT.KZ» онлайн-порталының тұсаукесері өтті. Жобалар ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры және «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленді. Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры Атқарушы директорының орынбасары Сұлтан […]
-
«QAZAQSTAN3D» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
28 Қыркүйек 2017
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры әзірлеген «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын және «Жеті қазына» энциклопедиялық қосымшасын жұртшылыққа таныстырып, іске қосылуына арналған брифинг болып өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты. Мемлекет […]
-
«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. «Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша. HD сапасындағы фотосуреттер жиынтығы: Елорда, Алматы […]
-
«Кім Білгіш» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойынының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.
-
«Тәтті алма» — Елбасының балаларға сыйлығы
9 Қыркүйек 2015
9 қыркүйек күні Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты 2-томдық балаларға арналған шығармалар жинағы мен www.tattialma.kz балалар сайтының тұсаукесері өтті. Мемлекеттік тілді дамыту қорының бұл жобалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленіп отыр. Іс-шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, жинақты құрастырушы автор, жазушы Шәкен Күмісбайұлы және […]
-
Ұлы Абайдың 170 жылдығына орай Қазақстанда тұңғыш рет «Abaialemi.kz» энциклопедиялық онлайн порталы ашылды.
6 Тамыз 2015
6 тамыз күні Семейде Абайдың 170 жылдығын мерекелеу аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған www.abaialemi.kz энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесер рәсімі өтті. Мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған портал Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. Елбасы осы аталған сыйлықтың бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген болатын. Сол […]