Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілін оқуға қызығушылық артуда

19 Қазан 2012 | 5:40


Омбыда қазақ тілін үйренуге ынта-жігер танытып жатқандар көбейіп келеді, дені жастар. Кейбірі тілді меңгеріп, Қазақстанға көшпек екен.

Азамат Хайдаркин — өрт сөндіруші. Жүрегі қазақ деп соққанымен, ана тілінде сөйлей алмайды. Қазір тілді үйренуге талпынып жүр. Ол қарқынды оқу технологиясымен білім беретін Шығыс және еуропалық тілдерді оқыту орталығына барады. «Мұнда Азамат сияқты қазақ тілін меңгеремін деп келушілер өте көп», — дейді мекеме мамандары.

АЗАМАТ ХАЙДАРКИН, ШЫҒЫС ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ:
— Қонақта отырғанда тілекті өз тіліңде айтуға не жетсін! Ақсақалдарымыз да бір марқайып қалады.

Орталыққа келіп, қазақ тілін оқып жүргендердің бірі — Әлия Бейсенбаева. Ол — студент. Қолына дипломын алғаннан кейін Қазақстанға қоныс аудармақ ниетте. Сондықтан мемлекеттік тілді білу Әлия үшін өте маңызды.

ӘЛИЯ БЕЙСЕНОВА, ШЫҒЫС ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ:
— Жаңа сабақ өткенде сөздердің қазақша тәржімасын біліп отырамын. Өйткені үйде ата-анам қазақ тілінде сөйлейді. Ал бұрын мен қазақшаны мүлдем меңгере алмайтын шығармын деп ойлайтынмын.

Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы 3 жылға есептелген. Әр топқа 3-4 адамнан артық алынбайды. Әрқайсысымен жеке-жеке сабақ жүргізіледі. Әзірге нәтижесі жаман емес. Бір жылдың ішінде тыңдаушылардың дені ана тілінде сайрап шығады.

САРА МҰНАЕВА, ШЫҒЫС ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біз серіктестерімізге, бізге көмектескен кісілерге көп рахмет айтамыз. Бірінші ол — Қазақстан Республикасының Омбыдағы консульдігіне, Мемлекеттік тілді дамыту қорына, барлықтарына көп рахмет айтамыз.

Лингвистикалық орталықта тұңғыш қазақ тобы 2009 жылы ашылған. Содан бері 100-ден астам адам ана тілін жетік меңгеріп шыққан. Тіпті, кейбірі емтихан тапсырып, Қазақстан Республикасының арнайы сертификаттарын алған.

Омбы
Зайнұр Байжігіт, Александра Игорева
Жетінші арна
http://tv7.kz/kz/news/show/724