Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астана қаласындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне Мемлекеттік тілді дамыту қоры кітаптар сыйға тартты

29 Қараша 2012 | 11:19


2012 жылдың 29 қарашасы күні Мемлекеттік тілді дамыту қоры Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларына мемлекеттік тілдегі 100 кітап пен дискілер сыйға тартты. Бұл әлем ертегілері, оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті және аудиодискідегі қазақ ертегілері.
Бұл шараның мақсаты балалардың арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, көп ұлтты Отанымызға деген мақтанышын арттыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру.