Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астана қаласының кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» қалалық байқауы өтті

27 Қыркүйек 2012 | 10:18

2012 жылдың 26 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай Астана қаласының кәсіптік білім беру колледждерінің өзге ұлт оқушылары арасында Қордың қолдауымен «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, өз ойын көркемдеп жеткізу дағдысын қалыптастыру, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушылардың шығармашылық өнерін жұртшылыққа таныту.
Байқау кәсіптік білім беру колледждерінің оқушылары арасында өз тобын таныстыруы, әншілік қабілетін танытуы, көркем сөз оқу шеберлігін арттыруы, тақырып бойынша көрініс көрсетуі, мақал-мәтелдер туралы білімдерін кеңейту бойынша жүзеге асырылды.
Байқауда жеңімпаз болып табылғандар:
I орын Астана қаласының №6 кәсіптік лицейінің «Тілдарын» командасы;
II орын Астана қаласының Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің «Арлан» тобы және Технологиялық колледжінің «Жас Ұлан» командалары;
III орын Астана қаласының Құрылыс техникалық колледжінің «Жүзден жүйрік шеберлер» командасы.
Аталған жеңімпаздар алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.