Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен олимпиада өтті

10 Қаңтар 2013 | 9:48


Астанада 5-10 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл — тәуелсіздіктің символы» атты VI республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Олимпиаданы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауына сүйене отырып Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өткізді. Айтып өткеніміздей, білім бәйгесіне 5-10 сынып аралығында оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысты.

Мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс танытқан оқушылардың талабын шыңдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада екі кезеңде өтті. Онлайн режимінде өткен бірінші кезеңге 703 оқушы қатысты. Қашықтықтан білімдері тексерілген оқушылардың ең мықтылары екінші кезеңге жолдама алып, білім бәйгесін «Балдәурен» (Щучинск) республикалық оқу-сауықтыру орталығында жалғастырды.

Сонымен, 5-сынып оқушыларының арасында Солтүстік Қазақстан облысынан келген Надежда Лукашевич, 6-сынып оқушылары арасында Ақтөбе облысының тұрғыны Артур Ковенский, 7-сынып оқушыларының арасында Павлодар облысынан келген Аида Ахметтайрова, 8-сынып оқушыларының арасында Қызылорда облысының оқушысы Камила Ли, 9-сынып оқушыларының арасында маңғыстаулық Андрей Галустян, 10-сынып оқушылары арасында Павлодар облысынан келген тағы бір оқушы Ляйсан Аминова ең жоғарғы білім көрсеткіштерін көрсетіп, бірінші орынды алды.

Олимпиада жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ деңгейлі дипломдар мен ҚР Білім және ғылым министрілігінің құрмет грамоталары берілді.

Кенжекей Тоқтамұрат

«www.bnews.kz» 10.01.2013