Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ұлтты топтастыратын басты фактор қазақ тілі — Мемлекет басшысы

25 Сәуір 2013 | 5:14


АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат — Ұлтты топтастыратын басты фактор қазақ тілі. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан — 2050» стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасының атап өтуінше,тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Қазақстан тіпті барынша шағын этникалық топтардың, атап айтқанда, ассириялықтардың, рутулдардың, лаксиялықтардың және басқа да этностардың мәдени дамуына бар мүмкіншіліктерді берді. Қазақ жері осылайша жүзден астам этностың басын біріктіріп отыр.

«Әрине, барлық осы этникалық көптүрлілік бір ұлт болу үшін жақсы цемент қажет. Бүгінде, ұлттық цементтейтін басты фактор қазақ тілі мемлекеттік тіл болып отыр»,-деді Елбасы.

Автор: Марлан Жиембай

http://www.inform.kz/kaz/article/2553283