Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізілді

6 Қазан 2012 | 6:23

Астанада Мемлекеттік тілді дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық прогресс үшін» жас мамандар кеңесі» Қоғамдық қоры Қазақстан-Ресей университеті базасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты.
Байқаудың мақсаты: өзге ұлт балалары мен жастардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін айқындау мен дамыту және мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау болып табылады
Байқаудың негізгі шарттары:
1)Өзін-өзі таныстыру;
2)Мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша сұрақ-жауап сайысы;
3)Көркем сөз оқу сайысы;
4)Дыбыстық өңдеу сайысы;
5)Өнер сайысы.
«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» республикалық байқауының нәтижесі бойынша 14 жасқа дейнгі қатысушылар арасынан жүлделі орынға ие болғандар:
1 орын — Фролова Валерия – Қызылорда облысы.
2 орын — Дураченко Галина — Шығыс Қазақстан облысы.
3 орын — Котельников Артем Валерьевич – Павлодар облысы.

15-22 жас аралығындағы қатысушылар арасынан жүлделі орынға ие болғандар:
1 орын — Махмудов Леча – Шығыс Қазақстан облысы.
2 орын — Гедзур Екатерина Алексеевна – Солтүстік Қазақстан облысы.
3 орын — Жандина Светлана – Атырау облысы.
Сонымен қатар жақсы өнер көрсетіп, байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, әр түрлі сыйлықтарға ие болды.