Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Нұр Отан» партиясы жариялаған жыл сайынғы «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының жеңімпаздарына сыйақылар табыс етілді

19 Қыркүйек 2012 | 6:13


Партияның орталық аппаратында үстіміздегі жылдың шілде айында бес номинация бойынша жарияланған «Тілге құрмет — елге құрмет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында төрт жыл бойы өткізіліп келе жатқан байқау партияның дәстүрлі іс-шарасына айналды. Қатысушылардың өтініштері республикамыздың барлық өңірлерінен келіп түсті. Байқау комиссиясының қарауына 300-ге жуық материалдар ұсынылды. Осылардың ішінде ең көбі баспа шығарылымдарының басылымдары, сонымен қатар теле және радио бағдарламалары. Келіп түскен өтініштердің саны бойынша екінші орында 50-ге жуық өтініш білдірген «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі үздік жоба» номинациясы тұр. «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан үздік ұйым» номинациясы бойынша 20-дан астам мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар өтініш білдірді. «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет жоба» номинациясы бойынша ең аз өтініш келіп түсті. Дегенмен, бұл номинация бойынша қатысушылардың саны өткен жылғыға қарағанда көбірек. Бұл дегеніміз қазақ тілі өз шекарасын интернет-кеңістікте де белсенді кеңейіп жатқандығын дәлелдейді. Сыйақылар мен дипломдарды партия хатшысы Ерлан Қарин табыстап, «Нұр Отан» партиясы өзінің бағдарламалық құжаттарында мемлекеттік тілдің орынын ерекше айқындап, елді және халықты біріктіруші басты факторларының бірі ретінде қарастыруда», — деп атап өтті. Байқаудың жеңімпаздары «Жас қазақ үні», Теміртау қалалық «Құрыш қала» газеттерінің, «Қазақстан» телеарнасының Көкшетау, Өскемен қалалық бөлімдерінің, «Астана» радиосының журналистері, сонымен қатар «Адырна», «Қасым.кз» интернет порталдары, «Айгөлек» журналы редакциясы және басқалары атанды.

http://www.ndp-nurotan.kz/site/news/1973