- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 16)
Жаңалықтар
-
Алғыс айту күніне орай оқушыларға қайырымдылық көрсетілді
29 Ақпан 2016
Алғыс айту күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 48 мектеп-лицейінде акция өткізіп, мектеп кітапханасына 300-ге жуық қазақ тіліндегі әдеби шығармалар мен сөздіктерді тарту етті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. […]
-
«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. «Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша. HD сапасындағы фотосуреттер жиынтығы: Елорда, Алматы […]
-
«Кім Білгіш» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойынының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.
-
«Кім Білгіш» және «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшаларының тұсаукесері
9 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойыны мен «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшаларының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жобалар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.
-
4 жас қазақстандық «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаты атанды
4 Желтоқсан 2015
Бүгін Астанада Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаттарын марапаттады.
-
Ілтипат пен құрмет
7 Қараша 2015
Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. Түрлі лауазымда қызмет ететін, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге, оны дәріптеу мен насихаттауға зор үлес қосып жүрген ұлтжанды азаматтар салтанатты түрде «Тіл жанашыры» төсбелгісіне ие болды.
-
«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!»
21 Қыркүйек 2015
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 70 мектеп лицейінде «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» акциясын өткізді. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, «Тілдер туралы» Заңмен таныстыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. Шара соңында Қор бүлдіршіндерге қазақ тіліндегі […]
-
«Тәтті алма» — Елбасының балаларға сыйлығы
9 Қыркүйек 2015
9 қыркүйек күні Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты 2-томдық балаларға арналған шығармалар жинағы мен www.tattialma.kz балалар сайтының тұсаукесері өтті. Мемлекеттік тілді дамыту қорының бұл жобалары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленіп отыр. Іс-шараға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, жинақты құрастырушы автор, жазушы Шәкен Күмісбайұлы және […]
-
«Тәтті алма» — Елбасының балаларға сыйлығы
9 Қыркүйек 2015
9 қыркүйек күні Астанадағы №70 мектепте «Тәтті алма» атты 2-томдық балаларға арналған шығармалар жинағы мен www.tattialma.kz балалар сайтының тұсаукесері өтті.
-
Ұлы Абайдың 170 жылдығына орай Қазақстанда тұңғыш рет «Abaialemi.kz» энциклопедиялық онлайн порталы ашылды.
6 Тамыз 2015
6 тамыз күні Семейде Абайдың 170 жылдығын мерекелеу аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған www.abaialemi.kz энциклопедиялық онлайн порталының тұсаукесер рәсімі өтті. Мемлекеттік тілді дамыту қоры жасаған портал Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. Елбасы осы аталған сыйлықтың бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Қорға берген болатын. Сол […]