Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесері

11 Желтоқсан 2015 | 4:58

559 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.

«Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша. HD сапасындағы фотосуреттер жиынтығы: Елорда, Алматы қаласы, Қазақстан табиғаты, спорт, патриоттық, тарихи тақырыптағы суреттер, Қазақстан туы мен елтаңбасы бар түсқағаздар. Бұл қосымша арқылы еліміздің әнұранын тыңдап, рингтонға қосып қоюға, Қазақстан инфографикасымен танысуға, планшет және телефонды ландшафттық және портреттік режимге оңтайландыруға болады.
Бұл қосымшаыңғайлы да жедел интерфейс арқылы компьютер, смартфон, планшет экрандарын сан алуан суреттермен, түрлі тақырыптармен безендіруге мүмкіндік береді.
«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасы қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, IOS және ANDROID платформаларында қолжетімді. Болашақта осы қосымшаның ағылшын тіліндегі нұсқасын жасау жоспарланып отыр.
Қызықты іс-шараға жиналғандар соңында мектеп-лицей дарындарының концертін тамашалады.