Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» X республикалық қашықтық олимпиадасы өтті

28 Наурыз 2016 | 8:56

1Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» X республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 25-26 наурыз аралығында Астана қаласында өткізді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: Он-лайн режимінде өткізілген олимпиаданың І кезеңіне — 2847 оқушы қатысты. Ең жоғары ұпай жинаған 114 оқушы Астана қаласындағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінің базасында олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға шақырылды. Қорытынды кезеңге 72 оқушы мен олардың қазақ тілі пәнінің 32 мұғалімдері қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II және III дәрежелі дипломдары мен номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының сыйлықтарымен марапатталды.
Олимпиаданың жеңімпазы және I дәрежелі диплом иегері Оңтүстік Корея азаматшасы, Алматы қаласының №159 гимназия оқушысы, Пак Щи-ын болып танылды, II дәрежелі дипломының иегері атанған Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданынан өзбек ұлт өкілі Сүлейменова Бахор, III дәрежелі диплом иегері Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан неміс ұлт өкілі Шеина Адэлина болып танылды.
Мереке соңында олимпиада қатысушылары қазақтың танымал композиторы Нұрғиса Тілендиевтың «Ата толғау» күйін, Мұқағали Мақатаевтың «Қара сөзін» орындап берді.