Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!»

21 Қыркүйек 2015 | 6:46

2538Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 70 мектеп лицейінде «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» акциясын өткізді.

Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, «Тілдер туралы» Заңмен таныстыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

Шара соңында Қор бүлдіршіндерге қазақ тіліндегі 120 кітап сыйға тартты. Бұл сөздіктер, мұғалімдерге қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар, әлем классиктерінің шығармалары, Қазақстан халықтарының ертегілері мен мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық әдебиет. Және Қор демеушісі — АҚ «Самұрық-Қазына» атынан естелік сыйлықтар тарту етілді.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі