Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Кім Білгіш» мобильді қосымшасының тұсаукесері

11 Желтоқсан 2015 | 4:31

39 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойынының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.

«Кім Білгіш»- түрлі анимациялық әдістер мен дыбыстық жүйе негізінде дайындалған, сан алуан тақырыптағы сұрақтардықамтитын интеллектуальды викториналық ойын. Ойында өз достарыңмен де, кездейсоқ қарсыластармен де жарысуға болады. Қосымшада түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жұмбақтар және ҰБТсұрақтары жинақталған. Ойын барысында әр түрлі санаттағы сұрақтарды таңдауға болады. Қосымшаның басты ерекшелігі – ойыншылардың жарысып ойнауына мүмкіндік беретін турнирлер. Олардың екі түрі бар: классикалық және ойыннан шығып кететін түрі.
«Кім Білгіш» мобильді ойыны – әлемді танып-білгісі келетін жаңалыққа жаны құмар жастарға, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін білгісі келген көпшілікке арналған. Ойын қатысушылар арасындағысайыс түрінде өтеді, алты раунд бойы түрлі сұрақтарға жауап беру қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Ойынның негізгі бөлімдері: ғылым, Қазақстан табиғаты, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, денсаулық, спорт, Қазақстан тарихы, ҰБТ және шартарап.
Тұсаукесер рәсімінің алдында Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушылары арасында «Кім Білгіш» турнирі өткізілген болатын. 10 сынып оқушылары жарысты. Ойынның нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Сансызбаев Қуаныш жеңіске жетіп, Қордың арнайы сыйлығымен марапатталды. Жеңімпазға диплом және планшет тарту етілді. Екінші орынды иеленген Омаров Ерсайын да дипломмен және планшетпен марапатталды. Ойын барысында белсенділік танытқан оқушылар да қосымша сыйлықтарға ие болды.