- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 13)
Жаңалықтар
-
Болашақ Отан қорғаушылармен кездесу
27 Сәуір 2017
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесу болып өтті. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, Отанымызға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруге, қазақ халқының […]
-
Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
17 Сәуір 2017
КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары […]
-
«Тіл — мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлттардың 5-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тіл бойынша ХІ республикалық қашықтық олимпиадасы
29 Наурыз 2017
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 28-29 наурыз аралығында Астана […]
-
Наурыз мейрамына арналған акция
17 Наурыз 2017
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясына 100 кітап сыйға тартты. Бұл қазақ тіліне аударылған әлем классиктерінің шығармалары, қазақ тілін үйретуге байланысты оқытушыларға арналған материалдар, мектеп жасындағы балаларға арналған көркем-танымдық әдебиет. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық […]
-
Балаларға арналған «Tәтті алма» жинағының тұсаукесері
14 Наурыз 2017
14 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Тәтті алма» атты ертегілер мен театрлық қойылымдар жинағының тұсаукесерін өткізді. Балалар жинағы өскелең ұрпақты қазақ әдеби тілін үйренуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге баулу, олардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін арттыру мақсатында шығарылып отыр. «Тәтті алма» жинағының 1-2 томы […]
-
«Аналарға алғыс» акциясы
7 Наурыз 2017
Халықаралық әйелдер күні мен Алғыс айту мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Аналарға алғыс» акциясын өткізді. Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша азаматтың көңілін жадырата келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлауда – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыздың орны бөлек. […]
-
Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқуға жол ашылды
21 Ақпан 2017
Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Атқарушы Директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты. Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени […]
-
Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абай мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
11 Қаңтар 2017
2017 жылдың 11 қаңтары күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қоюдың мақсаты – қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, интернет кеңістігінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады. Ынтымақтастық меморандумының аясында «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порталын […]
-
Балаларға жаңа жылдық базарлық
9 Қаңтар 2017
2017 жылдың 8 қаңтарында Астана қаласының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары Астаналық циркте жаңа жылдық «Алиса в зазеркалье» ертегісін тамашалады. Мемлекеттік тілді дамыту қоры қайырымдылық шара аясында «Замандас» отбасылық клубының балаларына осы шараға 20 билет сыйлады. Жаңа жыл – ең ғажайып әрі қайталанбас сәттерге толы қуанышқа мереке. Балалар үшін жаңа жылдық мереке – […]
-
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы қайырымдылық шарасы
14 Желтоқсан 2016
14 желтоқсан күні Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-Kazyna Trust» ҚҚ-мен бірлесіп көпбалалы және аз қамтылған отбасылар балаларына қайырымдылық концертін өткізді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына ел тәуелсіздігін нығайтуға аса қажет адамгершілік, отансүйгіштік, білімге құштарлық, бірлік, бейбітшілік пен келісім сияқты рухани парасаттылық құндылықтарымызды қалыптастыру мен дамыту. Өзінің […]