Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Болашақ Отан қорғаушылармен кездесу

27 Сәуір 2017 | 11:04

img_3508Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесу болып өтті. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі  «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, Отанымызға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруге, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын ояту және оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері алдында ақын, балаларға арналған шығармалар авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрлан Қалқа сөз сөйлеп, өз шығармашылығымен таныстырды.

Нұрлан Нұрахметұлы Қалқа 20-дан астам кітаптардың авторы, Ақынның «Аққу-жүрек», «Жыл – он екі ай», «Әке, сені сағындым» атты шығармалары Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлықтарына ие болған.

2016 жылы «Мизам шуақ» атты жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапатталды.

Кездесу кезінде Нұрлан Қалқа өз өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармашылық жолы туралы жан-жақты әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында ақын өзінің жаңа кітаптарымен таныстырып, оқушыларға қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйлады. Сонымен қатар, ұйымастырушылар атынан кездесуге қатысушыларға «Тәтті алма» атты 2 томдық жинақтар тарту етілді.

«Жас ұлан» мектебінің ұжымы атынан директордың орынбасары Амантай Жарбосынов болашақ Отан қорғаушылар даярлаудағы қызметтері туралы ой бөлісіп, шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Өткізілген уақыты: 2017 ж. 27 сәуір күні,  сағ.15.30-де

Өткізілген орны:   Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 16/1, «Жас ұлан» республикалық мектебі.

Анықтама:

Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» – Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобы жанындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.