Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Балаларға арналған «Tәтті алма» жинағының тұсаукесері

14 Наурыз 2017 | 12:00


003

14 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Тәтті алма» атты ертегілер мен театрлық қойылымдар жинағының тұсаукесерін өткізді.

Балалар жинағы өскелең ұрпақты қазақ әдеби тілін үйренуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге баулу, олардың шығармашылық және  интеллектуалды қабілеттерін арттыру мақсатында шығарылып отыр.

«Тәтті алма» жинағының 1-2 томы 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекеттік тілді дамыту қорына ана тілімізді дамыту бағытындағы жобаларға бөлінген қаржысына жарық көрген болатын. Осы жинақтың 3-4 томдарын шығаруға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдау көрсетті.

Соңғы жинақтарға жақсылық пен әсемдік, табиғатқа деген қамқоршылық туралы ертегілер мен театрлық қойылымдар енген. Кітапқа енген шығармаларды “Tattialma.kz” сайтынан оқуға болады.

Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары – Сұлтан Айтжанов, http://activ.kz/ru/service/online-topup#paymentmethod2Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, құрастырушылар — балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлы мен ақын Ақберен Елгезек, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен оқушылар қатысты.

Жинақтың арнайы таныстырылымына жиналған қауым «Балапан» телеарнасы жас дарындарының өнерін тамашалады. Жас өнерпаздар жаңа жинаққа енген театрлық қойылымдарды орындап, өлеңдер оқыды және ән айтты.

Іс-шара соңында балаларға мерекелік дастарқан жайылып, «Тәтті алма» жинағы мен алма сыйға тартылды.

Тұсаукесер рәсімін өткізуге «Балапан» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.