- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 7)
Жаңалықтар
-
«Кім білгіш?» онлайн-турнирі төртінші рет өткізіледі
6 Қыркүйек 2019
6 қыркүйектен бастап «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында халықаралық онлайн-турнир бастау алады. Турнирді осымен төртінші рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры өткізеді. Жобаның мақсаты: дарынды балаларды анықтау, қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету, әлемді […]
-
«АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ
1 Шілде 2019
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры 2019 жылғы 1 шілдеден бастап дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдауды бастайды. Сыйақының жалпы қоры – 11 миллион теңге. Байқау әріптесі – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Осымен бесінші рет өткізілгелі тұрған байқау Жастар жылына арналады. Шығармалар «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» […]
-
«Тәтті алма» әдеби жинағы мен «Ұлы дала аңыздары» веб-графикалық романдар сериясының тұсаукесері
17 Сәуір 2019
Сәуірдің 17-сі күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Назарбаев орталығында» «Тәтті алма» балалар әдебиеті жинағы мен веб-графикалық романдардан тұратын «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн-жобасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары – Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, белгілі қоғам […]
-
Тұңғыш Президент Қоры жобаларын Павлодар облысында таныстырды
13 Наурыз 2019
2019 ж. 12 наурыз күні Павлодар қ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Күндері өткізілді. Мақсат – облыс әкімдігімен бірлесе Мемлекет басшысының талантты жастарды қолдауға бағытталған идеяларын насихаттау, Қор жобаларына Павлодар облысының жастарын қатысуға шақыру. Тұңғыш Президент Қорының жұмысымен танысу оның өкілдері және облыс әкімі Болат Бақауовтың ресми кездесуінен басталды. Кездесу барысында атқарушы директордың орынбасары […]
-
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРҒА АРНАЛҒАН АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ТЕГІН КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
6 Наурыз 2019
Мемлекеттік тілдің рөлін арттыруды негізге ала отырып, «Отандастар Қоры» КЕАҚ мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту Қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар шетелдік қандастардың ана тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тіл саясатының тиімді іске асуына атсалысуға ниетті. «Отандастар Қорының» Бірінші вице-президенті Талғат Адуовтың айтуынша, жақын арада шетелдегі […]
-
Ағылшынша-латынша «Soyle.kz» арқылы шетелдіктер де қазақша сөйлей бастайды
25 Ақпан 2019
2019 жылдың 25 ақпанында ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйренуге көмектесетін жаңа жобаларымен таныстырды. Бұл «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы, Android пен iOs платформаларындағы «Balasoyle» мобильді қосымшасы, «Ұлы дала аңыздары» («Легенды великой степи») веб-графикалық романдар сериясы, қазақ тілін үйренуге […]
-
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері
25 Қаңтар 2019
«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) – латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа […]
-
Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІII республикалық қашықтық олимпиадасы
9 Қаңтар 2019
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Ұлттық тестілеу орталығымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қолдауымен өзге ұлт оқушылары […]
-
Астанада еліміздің үздік ақындары мен жазушылары анықталды
5 Желтоқсан 2018
Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» Республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жас әдебиетшілердің еңбегіне осымен төртінші рет қолдау көрсетті. Жылдан жылға байқауға деген қызығушылық артып келеді. Биылғы бәйгеге елдің түкпір-түкпірінен 108 шығарма жіберілді. Жеңімпаздар «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың үздік […]
-
Жыл сайынғы Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздары анықталды
27 Қараша 2018
Бүгін Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының сыйлығына Үздік қазақтілді интернет сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауды ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры, Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырды. Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді […]