Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды

29 Қараша 2019 | 10:10

DSC02323

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқау ұйымдастырушысы – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ең үздік қазақтілді интернет сайт байқауы 2016 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл республиканың әр аймағынан 30-ға жуық үміткер үздік сайт атағы үшін бақ сынасты. Жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды.

Марапаттау рәсімінің ашылуында Әлкей Марғұланұлы: «Осы байқауды ұйымдастыра отырып, біз мемлекеттік тілдің дамуын, оның ішінде интернеттегі  дамуын қолдаймыз және қазақ тілді сайттардың қызметін ынталандырамыз. Байқауға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанына қуаныштымын», — деп атап өтті.

            «Өткір тіл» аталымы бойынша https://qalamger.kz/ сайты жеңімпаз атанды.

            «Рухани азық» аталымындағы ең  үздік сайт марапатына http://madeniportal.kz/    сайты ие болды.

https://dasturkb.kz/ сайты «Терең ізденіс» аталымы бойынша үздік деп танылды.

            Arasha.kz сайты «Шынайы өмір» аталымында үздік деп бағаланды.

            «Спорт тынысы» аталымы бойынша ең үздік сайт —  http://qsport.kz/.

            «Білім бұлағы» аталымы бойынша  жүлде http://ozattar.kz/ сайтына берілді.

            «Жастар әлемі»  аталымы бойынша http://balbal-kz/ сайты  жеңімпаз атанды.

            «Балаларға базарлық»  аталымындағы ең үздік балаларға арналған сайт марапаты  https://imektep.kz/kz  порталына берілді.

            «Ойын сауық» аталымы бойынша  жүлде https://kinostan.kz сайтына берілді.

Байқау жеңімпаздары ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының дипломымен,  385 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Тұңғыш Президенті Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан электронды ақпараттық кеңістіктегі мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып, аудиторияны қазақ тілінде ақпараттандыратын отандық сайттардың рөлін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін өткізілген үш байқаудың қорытындысы бойынша республиканың 25 қазақтілді сайты жеңімпаз атанып, ақшалай сыйлыққа ие болған.

DSC01966

DSC02026

DSC02120