- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 12)
Жаңалықтар
-
«QAZAQSTAN3D» ЖӘНЕ «ЖЕТІ ҚАЗЫНА» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20 Қыркүйек 2017
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту қоры әзірлеген «Qazaqstan3D» веб-сайты мен мобильді қосымшасын және «Жеті қазына» энциклопедиялық қосымшасын жұртшылыққа таныстырып, іске қосылуына арналған брифинг болып өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов пен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры […]
-
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында XVIII республикалық Абай оқулары өтті
19 Қыркүйек 2017
2017 жылғы 10-13 кыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен XVIII республикалық Абай оқуларын өткізді. Абай оқуларының негізгі мақсаты — мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту және оларға қолдау көрсету, […]
-
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жыл сайынғы «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды
12 Қыркүйек 2017
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады. Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры. Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ […]
-
«Кім білгіш?» турнирінің IІ онлайн туры аяқталғаны туралы хабарлаймыз.
11 Қыркүйек 2017
ІІ турдың қорытындысы сайттың «II тур нәтижелері» қосымша парағында орналастырылды. ІІ тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылардан 12 адам (6 адам қазақ тілінде ойнағандар, 6 адам орыс тілінде ойнағандар) финалға өтті. Финал 2017 ж. қазан айында Астана қ. «Назарбаев орталығында» өтеді. Финалда ұйымдастырушылар ойыншыларды өздері таңдаған тіліне сәйкес 2 топқа бөліп, турнирді […]
-
200-ден астам адам қазақ тілін Skype арқылы тегін үйреніп шықты
12 Шілде 2017
2016 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын бастаған болатын. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден (Ресей, Польша, Англия, Қытай) 200-ден астам адам тегін қазақ тілін меңгеріп шықты. Жоба Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты — […]
-
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын өтетін «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауының басталуы туралы жариялайды
30 Маусым 2017
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры биыл үшінші рет өтетін дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру болып табылады. Жобаның серіктестері – Қазақстан […]
-
Елордада «Көркем SOYLE» медиа-тренингі өтті
27 Маусым 2017
Маусымның 26-27 күндері Астанада Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренингі өтті. Тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының 100-ден астам журналистері қатысты. Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді […]
-
Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық шарасы
1 Маусым 2017
1 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.Мерекені өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Париждегі Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен қабылданды. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Бұл күннің негізгі мақстаты — барлық […]
-
«Көркем SOYLE» медиа-тренингі
31 Мамыр 2017
Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренинг өткізеді. Тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының журналистері қатысады. Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді интернет порталдар», «PR-технологияларда мемлекеттік тілді қолдану ерекшеліктері» […]
-
«Батыр бабалардан тағылым!»
2 Мамыр 2017
2017 жылдың 29 сәуірінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры және «Алдаспан» батырлар қоры Астана қаласындағы № 51 мектеп-гимназиясында «Батыр бабалардан тағылым!» әдеби кешін өткізді. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың […]