Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Елордада «Көркем SOYLE» медиа-тренингі өтті

27 Маусым 2017 | 10:15

2017Маусымның 26-27 күндері Астанада Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренингі өтті.

Тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының 100-ден астам журналистері қатысты.

Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді интернет порталдар», «PR-технологияларда мемлекеттік тілді қолдану ерекшеліктері» тақырыптарын қамтыды.

Тренингті Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А.Шауеев ашып, аталған тақырыптар бойынша Берік Уәли, Мәди Манатбек, Қанат Әуесбай, Ғабит Мүсіреп, Аршат Ораз, Серікқазы Кәкібала сияқты осы саладағы жетекші мамандар мен белгілі саясаттанушылар, тіл мамандары, журналистер, қоғам қайраткерлері дәріс оқыды.

Іс-шара мазмұнына БАҚ-та мемлекеттік тілдің нормаға сай қолданылуы, тіл мәдениетін жетілдіру, журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері арқау болды.

Тренинг барысында қатысушылар қажетті де пайдалы ақпарат алмасып, мамандардың кеңестерін алды және өзара тәжірибелерімен, идеяларымен, ой-пікірлерімен бөлісті.
Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификат тапсырылды.