Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Менің тілім әдемі!» жобасы іске қосылды

15 Мамыр 2012 | 11:20


14 мамыр 2012 ж., Алматы қ. «КаР-Тел» ЖШС-ы (Beeline сауда белгісі) қазақ тілін қолдауға бағытталған «Менің тілім әдемі!» атты әлеуметтік жобаны іске қосты. Жобаны іске қосу үшін tilim-elim.kz сайты жасалды.
Жобаның мәні қазақстандықтарды қазақ тілінде бейнероликтер жазуға жаппай тартуында. tilim-elim.kz сайтында И.Крыловтың бала кезден танымал «Қарға мен түлкі», «Піл мен қанден», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдарының ұлы Абай аударған аудионұсқасы жүктелген. Әрбір ниет білдірген қазақстандық өзіне ұнаған үзіндіні таңдап алып, оны веб-камера немесе ұялы телефонның камерасына түсіріп, сайтқа жүктей алады. Бір ай ішінде үздік деп танылған бейнеүзінділерден үш бейнеролик жасалады. Жоба барысында үздік жыршыны анықтау мақсатында дауыс беру ескерілген. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етіледі.

«Абайдың «Қара сөзінде» былай жазылған: «Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды». Егер де сол кезде бұл сөздер орыс тілін білмейтін қазақтарға арнап айтылса, бүгінде өз Отанының мемлекеттік тілін білмейтін барлық қазақстандықтарға да қатысты», — дейді «КаР-Тел» ЖШС-ның Бас директоры Сергей Миронов. – «Қазақ тілінің қажеттілігін арттырып, одан сайын заманауи қылдыру үшін ойланып әрекет ету керек. Уақыт жетіспеушілігі салдарынан біз бүгінгі күні кітапты, оның ішінде классиканы сирек оқитынымызды алға тарта аламыз. «Менің тілім әдемі!» жобасы осындай ойлау, пайымдау нәтижесінде пайда болды. Біз ойластыру барысында жобаға қазақ тілінің білгірлері, еркін сөйлейтін адамдармен қатар осы тілді меңгеруді көздеген адамдарды кеңінен тартуды көздедік».

«Beeline қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды қолдауға бағытталған іс–шарларды тұрақты түрде қолдап қана қоймай, осы маңызды бағытта өзінің дербес жобаларын жүзеге асыруда. «Менің тілім әдемі!» атты бұрын-соңды болмаған жоба әртүрлі жастағы адамдардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Біз осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеттік, сонымен бірге, осы бастамаға барлық қазақстандықтар, әсіресе танымал отандастарымыз қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. tilim-elim.kz сайтына кіріп, Қазақстандағы қазақ тіліндегі алғашқы ұжымдық шығармашылық байқауының қатысушысы болыңыз!», — дейді Мемлекетттік тілді дамыту Қорының директоры Азат Шауеев.