Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Халықаралық балаларды қорғау күні

4 Маусым 2012 | 4:55


2012 жылдың 4 маусым күні Ақмол ауылының Мәдениет сарайында Целиноград аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен «Жүрегіммен көріп, жаныммен сезінемін» атты Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізді. Шара Ақмол ауылының мүгедек балаларына арнап ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның мақсаты – мүгедек балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, туған елін танып білуге қызығушылықтарын арттыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу және мемлекеттік тілді оқып, үйренуді ынталандыру.
Аталған шараға қатысқан барлық балаларға әлемдік классика шығармаларының қазақ тіліндегі үлгілері мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы сыйлықтары тарту етілді.

Сонымен қатар, Қор 1 маусым — Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жас суретшілер байқауында үздік нәтиже көрсеткен бірқатар оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етті.