Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» Республикалық қашықтық Олимпиадаcының қорытындысы шығарылды

22 Мамыр 2012 | 9:48


2012 жылдың 17-19 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 5-10 сынып оқушылар арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысын шығарды. Олимпиаданың қорытынды кезеңі Бурабай өлкесінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылды (Ақмола облысы, Щучье қаласы).
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Жарыс төрт деңгей бойынша ұйымдастырылды: 5-6 сынып оқушылары, 7-8 сынып оқушылары, 9 сынып және 10 сынып оқушылары болып бөлінді.
Оқушылардың білімін Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының белгілі ғалымдары бағалады.
«Бірінші тур онлайын режимінде өтіп, оған 12500 оқушы қатысты. Олардың 279 үміткері алға шықты.
Екінші күні жас тарихшылар жиырма бес сұрақтан құралған тест тапсырмаларын орындады. Бұл сында жақсы нәтиже көрсеткен 9 сынып және 10 сынып оқушылары төл тарихымызға қатысты эссе жазуға отырды.
Қорытындысында Алматы қаласындағы М.Ганди атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған халықаралық № 92 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Тұрсын Ернар, Жамбыл облысы Қордай ауданы № 43 орта мектептің 8сынып оқушысы Мелісбек Айбарыс, Ақтөбе қаласының № 21 орта мектептің 9 сынып оқушысы Құламанов Абзал, Екібастұз қаласы № 35 орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Шаухатов Ерхат, Астана қаласы № 3 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангельдиев Ниазмиддин, Қарағанды қаласы №1 гимназияның 10 сынып оқушысы Пичугина Дарья, ОҚО Бәйдібек ауданы М.Әуезов атындағы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Жаһангер Нұрдәулет, Кентау қаласы «Дарын» дарынды балалар мектебінің 10 сынып оқушысы Әбілда Ғазиза, Кентау қаласы қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Айтмұхамбет Нұрқадыр үздік нәтижеге қол жеткізіп, бірінші орындарды иемденді. Жеңімпаздарға Қордың арнайы сыйлықтары мен «Дарын» РҒПО грамоталары, дипломдары және барлық қатысушыларға сертификаттар тарту етілді. Сонымен қатар «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Астана қаласы «Балалар үйінің» тәрбиеленушісі Якупов Вадимге өз лагерлеріне тамыз айында он бес күнге демалуға жолдама сыйлады.
Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушыларға «Бурабай» шипажай аймағының мәдени және тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.