Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадаcы туралы баспасөз-хабарламасы

16 Мамыр 2012 | 10:50


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 2012 жылдың 17-19 мамыр күндері 5-10 сынып оқушылар арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін (бұдан әрі — Олимпиада) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткізеді (Ақмола облысы, Щучье қаласы).
Олимпиаданың мақсатыоқушылардың туған елінің тарихын танып білуге қызығушылықтарын арттыру, өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бірінші кезең нәтижелері бойынша республиканың барлық өңірлерінен жоғары ұпай жинаған 190-нан астам оқушы олимпиаданың қортынды 2 кезеңіне қатысуға шақырылды.
Оқушылардың білімін Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының белгілі ғалымдары бағалайды.
Олимпиаданы өткізу барысында команда жетекшілері және қазылар алқасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу қарастырылған.
Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушыларға «Бурабай» шипажай аймағының мәдени және тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.
Олимпиада жеңіпмаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталады. Барлық Олимпиада қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.
«Тарих ата» олимпиадасының ашылу салтанаты 2012 жылы 17 мамыр күні сағат 15.00-де «Балдәурен» РОСО-ның концерт залында өтеді.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты а.ж. 19 мамыр күні сағат 11.00-де «Балдәурен» РОСО-ның концерт залында өтеді.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына мекен- жайға хабарласу қажет:
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 16/1 «Дарын» РҒПО-ы,
тел. (7172) тел.:8 (7172) 445-352, 44-53-48.