Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

28 Сәуір 2012 | 5:27


Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде. Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр.
Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады.
Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды.
Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.
Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек.
Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы болар еді.
Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!
Мен тіл туралы мәселе — саясат мәселесі емес екенін талай айтқанмын.
Саяси шешім баяғыда, Конституция мен тиісті заңдар қабыл¬дануымен алынған болатын.
Тіл туралы мәселе саяси саудалаудың тақырыбы бола алмайды.
Енді бұл практикалық мәселе.
Экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың маңызды қыры — тілдердің үштұғырлығын дамыту.
Іс жүзінде барлық қазақстандықтар орыс тілін біледі. Бұл — біздің жоғалтуға болмайтын ортақ байлығымыз.
Қазақстандықтар үшін инновациялар, технологиялар мен бизнес әлеміне терезе ашатын ағылшын тілінің маңызы мен рөлі артып келеді.
Бүгінде кез келген дамыған елде тұрғындардың абсолютті көпшілігі 2-3 тілде еркін сөйлейді.
Сондықтан технологиялық тұрғыдан ілгері кеткен елдерде химия, математика, физика, биология сияқты жаратылыстану пәндері мектептер мен университеттерде көбіне-көп ағылшын тілінде оқытылады.
Ал тарих, әдебиет және басқа гуманитарлық пәндер ана тілінде оқытылады.
— Мұның ең жаңа мысалы Малайзия тәжірибесі.
Онда халықтың басым көпшілігі елдің мемлекеттік тілін тамаша біледі, бірақ оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұлай болмаған жағдайда, деп есеп¬тейді олар, ел технологиялық тұрғыда әлемдік қоғамдастықтан кейіндеп қалады. Бұл — әмбебап педагогикалық қадам.
Сондықтан бізге де ағылшын тілін оқу қажет.
Білім және ғылым министрлігіне осындай халықаралық тәжірибені ендіру мәселесін тапсырамын.

http://www.inform.kz/kaz/article/2459651
Қазақстан жаңалықтары. «ҚазАқпарат»
28 сәуір 2012 жыл.