Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша әдістемелік жиыны өтті

26 Сәуір 2012 | 8:18

2012 жылғы 18-20 сәуір аралығында Семей қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша ұйымдастырылған әдістемелік жиыны өтті.
Әдістемелік жиынның мақсаты:
— мемлекеттік тілді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенінің жүйесін қалыптастыру ; — 2011-2012 оқу жылын қорытындылау және 2012-2013 жаңа оқу жылының тапсырмаларын анықтау; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нормативтік құқықтық актілерінің сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бұйрықтарының талаптарын орындаудағы әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінің жаңа бағыттарына мамандардың біліктілігін арттырудағы тәжірибе алмасу;
— «Үздік оқытушы — офицер», «Үздік маман», «Әскери ақын» сайысын өткізу және жеңімпаздарды анықтау; әскери қызметшілердің күнделікті қызметіндегі мемлекеттік тілді қолдануын талап ету және материалдық қамтамасыз ету базаларының заманауи технологияларының жолдарын көрсету.
Жиын барысында жүлделі орындарды иеленген әскери қызметшілерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды.