Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен астаналық оқушылар арасында қалалық Дебат турнирі өтті

19 Наурыз 2012 | 10:22


2012 жылдың 16-17 наурыз күндері №52 мектеп-гимназиясында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту қоры, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Қалалық Дебат турнирін өткізді.
Турнир мақсаты – қазақстандық және әлемдік қоғамдастықта орын алған мәселелерді көпшілік алдында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде талқылау мен талдау арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін көтеру, сонымен қатар, балалалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау.
Дебат турниріне қала мектеп оқушыларынан 49 команда, яғни қала мектептерінің 25-і қатысты.
Төмендегі білім беру ұйымдары Пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары болып табылды.
Қазақ лигасында
I орын — «Фемида» командасы, Астана қаласының №53 мектеп-гимназиясы;
II орын- «Дарабоз», Астана қаласының «Зерде» мектебі;
III орын «Астана Арлан», Астана қаласының «Зерде» мектебі;
Орыс лигасында:
I орын — «Формат А-3», Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясы;
II орын — «Форс можор», Астана қаласының №10 мектеп-гимназиясы;
III орын «Снежок», Астана қаласының №15 мектеп-гимназиясы;
Ағылшын лигасында:
I орын — «San» Халықаралық мирас мектебі; II орын — «Audi» Астана қаласының №5 мектеп-гимназиясы;
III орын — «Nur generation» Астана қаласының №5 мектеп- гимназиясы;
Турнир қорытындысы бойынша «Үздік спикер», «Үздік төреші» атағын иеленген турнир жеңімпаздарына Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің грамоталары мен сертификаттары және Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Жас Отан» жастар қанатының арнайы сыйлықтары тапсырылды.