Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы

15 Желтоқсан 2011 | 6:47


Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Басқосуда алғашқы баянда¬ма¬ны Мәдениет вице-министрі Ғазиз Телебаев жасап, жиылған жұрт¬шы¬лық¬ты алдағы келе жатқан тәу етер Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық айтулы мерекесімен құттықтады. Жиында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, қоғам қайрат¬кері Оразалы Сәбден, «Мемлекеттік тіл» қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары Смағұл Елубай, Қырғыз-Түрік универси¬теті¬нің профессоры Қ.Қоңқобаев және Мармара (Түркия) университетінің профессоры М.Качалын мемлекеттік тілдің болашағы туралы кеңі¬нен сөз қозғады. Сонымен бірге конференцияға Президент Әкім¬ші¬лігі Ішкі саясат бөлімі меңгеру¬ші¬сінің орынбасары Әлібек Асқаров та арнайы келіп қатысты.
«Мемлекеттік тіл – барша қа¬зақ¬стандықтарды біріктіретін негізгі фактор ретінде Тәуелсіздіктің басты белгісі әрі рухани байлығы. Сондықтан да ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтіп жатқан бүгінгі конференцияның маңызы өте зор. Ол еліміздегі мемлекеттік тілдің дамуына талдау жасау мен оның қолданыс аясының кеңейе түсуіне ықпал етер тың ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді», – деді шараны ұйымдастырушылар.
Конференция аясында Мәде¬ни¬ет министрлігі Тіл комитетінің тап¬сырысы бойынша «Жазушы», «Аруна LTD», «Өлке», «Дәуір», «Аударма» баспалары мен «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС биылғы жылы шығарылған кітап өнімде¬рінен көрме ұйымдастырды. Онда 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөз¬дігі», «Әлем балалар әдебие¬ті¬нің інжу-маржандары», «Әлемдік классика», «Мен оқығанды ұната¬мын», «Ертегілер елінде», «Эн¬ци¬клопедиялық анықтамалықтар» топ¬тамалары және мектепке дейінгі балаларға арналған қазақ әде¬би嬬тінің ең үздік шығармаларынан аудиокітаптар қойылған.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Бейсенбі, 15 Желтоқсан, 2011, «Егемен Қазақстан»