Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн»

14 Желтоқсан 2011 | 12:02


«Әр қазақстандықтың қазақ тілінде сөйлеу ынтасы табиғи болуы үшін біз барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілі, мәдени мұрасы және салт-дәстүрінің дамуына барлық жағдай жасауды біз әрі қарай да жалғастыра беретін боламыз».
Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстанның ұлттық игілігі — оның көптеген ұлттардың мәдениеті мен тілін тоғыстыра білуінде. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен мемлекетіміз еліміздегі барлық этностардың тілдік құқығының сақталуын, қарым-қатынас, тәрбие, білім алу, шығармашылық тілін еркін таңдауын қамтамасыз етіп, үйлесімді тіл саясатын жүргізіп келеді.
Сонымен қатар мемлекеттік тіл — рухани және ұлттық бірлігіміздің басты факторы болып табылады. Оны меңгеру — әрбір Қазақстан азаматының міндеті мен парызы, ол әрбір жеке тұлғаның қоғамдық өмірге белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін анықтайды.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақты бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстандықтар өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастады» деп атап көрсетті. Бүгінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2009 жылғы халық санағы мәліметі бойынша 74 пайызды құрайды. Бұл — Тәуелсіздіктің зор жетістігі болып табылады.
1997 жылдан бастап «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы және 1998-2000 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бекітілуі қоғамдық өмірдің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізін қалыптастырды.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында тіл құрылысы стратегиясы мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайтуға, орыс тілінің мәдени қызметін сақтауға, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға бағытталды.
Ал үстіміздегі жылы бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды кілті ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
Елбасы айтқандай: «Біздің міндетіміз — 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80%-ға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95%-ды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100%-ы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады».
Қазір осы бағытта нақты істер атқарылып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

ТІЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

Ал мемлекеттік тілде оқыту инфрақұрылымына тоқталсақ, соңғы 10 жылда қазақ тілінің аясы айтарлықтай кеңіді деуге негіз бар. Қазақ тілінде білім беретін балабақша саны — 1178-ге (2001 жылдан бастап 876 бірлікке), мектептер саны — 3821 немесе жалпы білім беретін мектептердің 50%-дан астамы (2001 жылдан бастап 173 бірлікке) артып, мемлекеттік тілді оқытатын 132 орталықтар құрылған.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРІЛЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫ ІС-ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ КӨШІРУ
Мемлекеттік органдарда іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру процесі де қарқынды жүзеге асырылуда. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарының мониторингін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бүгінгі күні орталық және жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарын жүргізу үлес салмағы 85 пайызды құрап отыр.

«ҚАЗАҚ ҚАЗАҚПЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССІН!»

Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы қамтамасыз етіліп, көп деңгейлік оқу-әдістемелік кешендер, жалпы, 720 мың таралыммен 10 түрлі сөздіктер, жалпы, 260 мың таралыммен 8 саладағы екі және үштілді сөздіктер шығарылды.
Үстіміздегі жылы жаңа бағдарлама аясында тілдік құзырет стандарттарын жетілдіру жұмыстары басталды. Үздіксіз білім беру жүйесі арқылы мемлекеттік тілдің деңгейін бағалау және стандарт жүйесіне сәйкес жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, А1-А2 деңгейлері бойынша қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану сияқты оқу-әдістемелік құралдардың 25 мың данасы басылып шығарылды.
10 түрлі орысша-қазақша көпсалалық тілашарлар миллиондық таралыммен шығарылды, «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» 15 томдық түсіндірмелі сөздігі, «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» кітаптар топтамасы (15 том), «Әлемдік классика» (25 том), «Ертегілер елінде» (60 том), «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» (5 том), «Мен оқығанды ұнатамын!» балаларға арналған ғылыми-танымдық әдебиеттер (64 том), аудиокітаптар, инновациялық оқу-әдістемелік бағдарламалар және тағы басқа өнімдерді шығару қамтамасыз етілуде.
Бір сөзбен айтқанда, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» деген Елбасының тапсырмасына сәйкес, әр қаракөздің өз ана тілінде еркін сөйлейтін күн алыс емес деп сенуге болады.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!»
Мемлекеттік тілді оқыту үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл» порталы құрылып, үнемі жаңартылуда (www.tіl.gov.kz). Онда 20-дан астам интернет-сервис түрлері қарастырылған. Порталды қолданатындардың географиясы — Түркия, АҚШ, Жапония, Ресей, Қытай, Франция, Германия және тағы басқа елдер.
Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары контентінде орныққаны байқалады. Бүгінде электронды БАҚ-тың қазақ тіліндегі таратылу көлемі, сондай-ақ мемлекеттік тілдің баспасөз беттеріндегі үлесі 50%-дан асып отыр.
Шетелде тұратын отандастарымызбен мәдени байланыстарды нығайту мен дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді жүйесі қалыптасқан. Деректерге сүйенсек, 7516 жалпы білім беретін мектептің 1524-і орыс, 58-і өзбек, 14-і ұйғыр, 2-еуі тәжік тілінде білім беретін мектептер, 2097 мектеп — аралас; 2261 мектепке дейінгі мекемелердің 272-сі орыс, 3-еуі басқа тілдерде оқытылады; екі тілде оқытатын 808 балаларға арналған оқу орындары; этномәдени орталықтардың жанынан ашылған 190 жексенбілік мектепте 30-дан аса этностардың ана тілдері оқытылады; 50 театрдың 9-ы аралас,15-і орыс, 1-еуі кәріс, 1-еуі неміс,1-еуі өзбек және 1-еуі ұйғыр.

Мемлекеттің қуаты — тілінде. Тіл — ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі. Тіл бар жерде ұлттық рух бар, тіршілік бар. Патироттық сезім бар. Ендеше, Елбасы айтып өткендей, «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс!»

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ / «Айқын» газетінен
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=11498&Itemid=2