Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атауымен жыл сайын өткізілетін тілдік байқауының қорытындысы шығарылды

2 Желтоқсан 2011 | 8:16


Бүгін «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Астана Политехникалық колледжінің студенттері арасында қазақ тілін үйренуге және қазақша сөйлеуге ынталандыру мақсатында өткізілген «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» тілдік байқауының қорытындысын шығарды.

Байқауды өткізуде өзара бірлесе оқып-үйрену қағидаты басшылыққа алынды: қазақ тілін еркін меңгерген 20 ерікті студент қазақ тілін білмейтін өз курстастарын «шәкірттікке» алып, оларға екі айдың ішінде ауызекі қазақ тілін үйретуге тырысты. Байқау алдында әрбір «шәкірттің» тілді білу деңгейін анықтау үшін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді.

Сонымен, байқаудың талап үдесінен кімдер шыға алды? Осындай қысқа мерзімде ауызекі қазақ тілін меңгеру мүмкін бе?

Қайта тексеру барысында аталмыш оқу орнындағы студенттердің тіл меңгеру деңгейінің алғашқы тестілеуге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін тест сынағы және олармен өткізілген ауызша әңгіме нәтижесі көрсетті.

Осылайша, екі ай ішінде ауызекі қазақ тілін еркін меңгеріп, үздік нәтижеге аталмыш оқу орнындағы «Туризм» бөлімінің 1-ші курс студенті Любовь Рыжакова, «Туризм» бөлімінің 1-ші курс студенті Мария Панченко және «Бағдарламалау» бөлімінің 1-ші курс студенті Юлия Токарева қол жеткізді. Байқау жеңімпаздарына Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнаулы дипломдары мен ұялы телефондар тарту етілді.

Жүлдегерлердің «оқытушылары» — Дәулет Абдықадыр («Бағдарламалау» бөлімінің 2-ші курс студенті), Айдана Ниязбекова («Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің 2-ші курс студенті) және Айжан Күздібаеваның («Туризм» бөлімінің 2-ші курс студенті) еңбектері де ескеріліп, олар да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ осы байқауға қатысқан 7 «тілдік жұп» Қордың арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарын иеленді.