Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тіл жанашырларына құрмет

29 Қараша 2011 | 10:06


Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғына орай елордадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлес­ті­гі­нің бастамасымен және Мәде­ниет министрлігі Тіл комитетінің қол­дауы­мен «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі бо­лып өтті. Елбасы Жар­лы­ғымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамыту» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы аясында ұй­ым­дастырылып келген бұл мара­пат­қа – рухания­ты­мыз­ға шынайы жанашырлық та­нытып, нақты ісімен қазақ тілінің көркеюіне үлес қосқан мемлекеттік қызмет­кер­лер, қоғам қайраткерлері мен бұ­қа­ралық ақпарат өкілдері ие бо­лып келген болатын.

Мемлекеттік тіліміздің қо­ғам­да кеңірек насихатталуына ықпал ету мақсатында ұйым­дас­ты­рылып келген бұл шара осымен үшінші мәрте өткізіліп, биылғы марапатқа оның жанашыр­лары­мен бірге өз қара­жа­тымен қазақ тілі мен мәдениетіне қа­тысты шараларға демеушілік та­ныт­қан меценаттар да ие болып отыр.

Биылғы «Тіл жана­шырлары» құрмет белгісімен – «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы Ахмет Аляз, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғы­лымдарының докторы Нама­залы Омашев, республика Ж­оғарғы Сотының қыл­мыс­тық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Әділ Құрықбаев, қазақ айтыс өнерінің ұйым­дастырушысы, ақын Жүрсін Ерман, «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай, «Ай­қын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры, меценат Исламбек Салжанов, «Нәтиже» сүт фабрикасының дирек­торы, меценат Ерлан Әші­мов, «7»-телеарнаның дирек­торы Бибігүл Жексенбай, «Қазнефтегазпром» компа­ниясының президенті, меценат Жәнібек Елекбаев, «Қазақ­стан» ҰТК-ның жүр­гізушісі Мая Веронская, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболат, «Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдина, «Қазақша «Википедия» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы, сазгер-әнші Марат Омаров пен «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса марапатталды.

Берік САДЫР/»Егемен Қазақстан» газеті

http://www.egemen.kz/319516.html