Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

5 қазанда ҚИДИ акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

6 Қазан 2011 | 10:50

2011 жылғы 5 қазанда «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі — «ҚИДИ» АҚ-ы) офисінде «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Оған Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Төрағасы Ш.Құрманбайұлы, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А.Шәуеев, «Руханият» оқу орталығының директоры Е.Тілешев, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас маманы Ә.Тұрашева және «ҚИДИ» АҚ-ы басшылығы қатысты.
«ҚИДИ» АҚ-ы Президенті М.Қажыкеннің және Әкімшілік департаментінің директоры Т.Оспанғалиевтің баяндамалары Тілдерді қолданудың және дамытудың мемлекетті бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі «ҚИДИ» АҚ-ның ағымдағы жұмысына арналды. Осы дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізудің маңыздылығы атап өтілді.
Өз баяндамаларында Ш.Құрманбайұлы мен Е.Тілешев мемлекеттік тілді көтермелеуге және ынталандыруға шақырды.Мемлекеттік тілді дамыту қорының (бұдан әрі — Қор) директоры А.Шәуеев Қор қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Ә.Тұрашева Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде мемлекеттік тілде іс жүргізуге ерекше назар аударылатыны туралы айтып берді.
«ҚИДИ» АҚ-ы вице-президенті және Өнеркәсіптік технологияларды жаңғырту орталығының директоры С.Жұмабекова қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді оқыту курсының қажеттілігі туралы атап өтті. Әкімшілік департаментінің бас менеджері А.Әмірхамзиннің және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері И.Арыстанбековтің баяндамалары Интернет желісіндегі мемлекетті тілді пайдалануға, қазақ тілінде жаңа сайттарды жасауға арналды.

«ҚИДИ» АҚ-ы Баспасөз қызметі

http://kaz.kidi.kz/news/institut/57/