Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жылда өткізілетін байқау басталды

18 Қазан 2011 | 11:02

«Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Астана Политехникалық колледжінде «Қазақша білесің бе? Досыңа үйрет!» атты жаңаша үлгідегі тіл байқауын бастады.

Байқаудың өткізілу тәртібімен таныстыру Қордың директоры Азат Шәуеев, «ҚАЗТЕСТ» Ұлттық тестілеу орталығының Басқарма бастығы Айдос Әбдіқалықов және Политехникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Жүсіпованың қатысуымен өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студент жастардың мемлекеттік тілді үйренуіне ықпал ету және оларды ынталандыру.

Байқаудың өту тәртібімен танысқан студенттер арасынан досыма қазақ тілін үйретемін және досымнан үйренемін деген жастар жұптары өз еріктерімен қатысуға ниет білдірді. Тіл үйретуші, яғни қазақ тілін жетік меңгерген студент (оқытушы) қазақ тілін білуге ықылас танытқан тіл үйренушіні (оқушы), өз досын немесе курстасын ортаға алып шықты.

Әрі қарай «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы «оқушылардың» қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталды. Олар тіл үйренуге берілген екі ай ішінде ауызекі қазақ тілін үйреніп шығуы керек. Ал, екі айдан соң «ҚАЗТЕСТ» жүйесі және қазақ тілінде жеке әңгімелесу арқылы тіл үйренушілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергені бағаланып, байқау жеңімпаздары анықталатын болады.

Жүлделі орындарды иеленген жастар Қордың арнайы дипломымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Осындай байқау былтыр «Қазақстан-Ресей» университеті студенттерінің арасында өткізілген болатын. Байқау талабы бойынша берілген екі айдың ішінде бірнеше студент ауызекі қазақ тілін меңгеріп шығып, олардың үздіктері – менеджмент факульетінің 2 курс студенті Кристина Георбелидзе мен ақпараттану факульетінің 1 курс студенті Валерий Тен Қордың арнайы дипломымен және «алтын нөмірлі» ұялы телефондармен марапатталған болатын.