Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқау өтті.

12 Қазан 2011 | 12:31

2011 жылдың 12 қазан күні Астанада М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры, «Жігер-одақ» қоғамдық бірлестігі және «KZ» қоғамдық қорының қолдауымен «Қазақшаңыз қалай?» атты балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында тілдік байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, ойларын көркемдеп жеткізу дағдысына қалыптастыру. Сондай-ақ, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өнерін жұртшылыққа таныту.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен үздік нәтижеге Астана қаласының Балалар үйінің оқушылары қол жеткізсе, екінші орынды кәмелетке толмаған балаларға арналған «Пана» мемлекеттiк мекемесi мен «Астана SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.