Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Көкшетауда «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» V-құрылтайы өтті

22 Қыркүйек 2011 | 9:16


Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Халқы тілдерінің 13-республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Ауқымды жиынды Көкше жерінде өткізуді Елбасы тапсырған болатын. Оған қатысушылар мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылу аясын кеңейту бағытындағы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларын айқындады. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының 5-құрылтайына қатысушылар алдымен Абылай Хан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қазақстан Халықтары тілдерінің мерекесіне арналған көрмені аралады. Құрылтайды Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып, жиынға қатысушыларға Елбасының құттықтау хатын жеткізді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
-Ана тіліміздің абыройын асыруда Халықаралық абыройлы ұйым, халықаралық қазақ тілі қоғамының сіңірген еңбегі зор деп білемін. Барша қазақстан халқын біріктіруші мемлекеттік тілдің ролін арттыру уақыт талабы. Біздің бар күш жігеріміз осы алыс мұраттың орындалып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталуы тиіс. Ана тіліміздің болашағын баянды етуге арналған құрылтай жұмысына табыс тілеймін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ел Егемендігін алған кезден бастап қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін ауқымды істер атқарылды. Соңғы он жылда қазақ балабақшаларының саны 3 есе өсіп, мектептердің 80 пайызы қазақ тілінде оқытуға көшті. Атқарылар жұмыстар әлі аз емес,-деді Мәулен Әшімбаев.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, ҚР МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ:
-Егер біздің елімізде 2009 жылы Қазақстандағы қазақ тілін білетін, қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдардың проценттік көрсеткіші 64,4 яғни 65 пайыз болса,Елбасымыз осы көрсеткішті бұрыңғыға қарағанда қарқынды түрде жүргізіп, 95 пайызға дейін жүргізуді алдымызға мақсат етіп қойып отыр.

1992 жылы «Қазақ тілі» қоғамының екінші құрылтайына қатысқан Елбасы оған халықаралық мәртебе берген. Құрылғанына 20 жылдан асқан қоғамның Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербор, Саратов, Волгоград қаласы, Моңғолия, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстанда бастауыш ұйымдары бар. Франция, Швеция, АҚШ, Қытайда тұратын қандастар «Қазақ тілі» қоғамына мүшесі. Құрылтайға жиналған қауым мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, әлемдік деңгейге көтерудің тың тәсілдеріне көшу қажеттігін айтты.

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, АКАДЕМИК:
-Мынау қазір технологияның заманы. Мына, әлгі компьютер қазақ тілін шет тілдері сияқты үйрену тәсілдерін енгізу. Сол арқылы әлемдік деңгейде дамудың қалып қоймауының неше түрлі тәсілдерін ұсыну.

Тіл жанашырлары қазақ тілі қоғамының даму тұжырымдамасы мен болашақ стратегиясын жасау туралы ұсыныстарын ортаға салды. Келесі кездесуде осы мәселені талқылаймыз,-деді. Жиын соңында Үндеу қабылданып, алдағы жұмыс жоспары айқындалды.

«Хабар» агенттігі
www.khabar.kz