Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақша сөйлесейік!» акциясы

21 Қыркүйек 2011 | 8:26

Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты жыл сайын бірлесіп өткізетін «Қазақша сөйлесейік!» акциясының басталуы туралы жариялады

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оның қоғамдағы беделін арттыруға, халықтың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын тудыруға және азаматтарымыздың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Акцияны ұйымдастырушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу үлгілері, қазақ және орыс тілдерінде қажетті сөздер мен сөз тіркестері берілген «Дүкен – Магазин», «Дәріхана – Аптека», «Поезда – В поезде», «Ұшақта – В самолете», «Асхана – Столовая», «Қоғамдық көлік – Общественный транспорт», «Кинотеатр – Кинотеатр» тақырыптарына арналған буклеттер мен плакаттар әзірлеген.

Акция аясында қоғамдық көліктерде, ұшақтар мен жолаушылар тасымалдайтын поездардың ішіне және темір жол вокзалдары мен әуежайларда мемлекеттік тілді өз бетінше үйренуге арналған арнайы плакаттар ілініп, жолаушылар арасында орысша-қазақша шағын тілдескіштері бар буклеттер таратылатын болады. Іс-шара еліміздің барлық аймақтарын қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша былтыр өткен «Қазақша сөйлесейік!» акциясы тауар этикеткаларындағы қазақ тіліндегі ақпараттың қателерін тауып, әшкерелеу арқылы олардың дұрыс жазылуына ықпал етуге, қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениетінің сақталуын қамтамасыз етуге, халық тұтынатын тауар өндірушілерді мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыруға, қоғамды тіл тазалығы жолындағы жұмысқа тартуға арналған болатын.