Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті

14 Қыркүйек 2011 | 11:02


Бүгін Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры Азат Шәуеев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебектің Қазақстанға алдағы сапары жайы сөз болды. Сонымен қатар олар Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты мәселелерін ортаға салды. Александр Винниковпен арадағы әңгімеде Азат Шәуеев түрлі байқаулар өткізу мен Қор гранттарын беру арқылы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету қордың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Қазақ тілінің — мемлекеттік тіл ретінде қолданысын кеңейту бағытында мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Халқымыздың өзінің басым бөлігінің қазақ тілін үйренуге ниеті болмай отыр, сондықтан да ең алдымен азаматтарымыздың психологиясын өзгертуіміз қажет»,-деді А.Шәуеев.

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат