Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Алматыда жас журналистердің IV Қаламгер-азамат республикалық форумы өтті

16 Тамыз 2011 | 10:32


2011 жылдың 16 тамызында Алматы қаласында «Заңғар» шығармашылық бірлестігі, «Қаламгер — Азамат» Жас тілшілер» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жастарды қолдау және оларға қамқорлық жасау» саясаты аясында, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай, «Ел еңсесі — Егемендік» атты IV Республикалық «Қаламгер — Азамат» жас тілшілер форумы өтті. Форумның өтуіне қолдау көрсеткендер: ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
Форумның басты мақсаты — жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа шақыра отырып, олардың жүрегіне патриоттық сезім орнатуға үлес қосу, өскелең ұрпақтың кәсіби біліктілігін шыңдайтын, заманауи заңдылықтарды меңгертуге мүмкіндік туғызу. Ақпараттық тәжірибе алмасу бағытында түрлі саладағы журналистиканың қыр-сырын үйренуге талпынған жас буынның басын қосып, жинау болып табылады.
Форумға 18-29 жас аралығындағы жас журналистер қатысты. Форумда «Қазақ баспасөзінің дамуы», «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сюжеттерінің бүгінгі сапасы қай деңгейде», «Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы» атты тақырыптар көтерілді.
Форум аясында мемлекеттік тілді насихаттау, мәдениет, әдебиет, ғылым, ұлттық салт-дәстүр және қазақ интернет-журналистикасы мәселелері бойынша мастер — кластар мен семинар – тренингтер өтті. Мемлекеттік тілдегі интернет-журналистиканың кәсіби деңгейін арттыруды дамытуға бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар көрсетілді.
Сонымен қатар, форумға Түркия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызтан елдерінің жас тілшілері қатысты.