Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты жаңа жинақ жұртшылық назарына ұсынылды

29 Маусым 2011 | 6:35


Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған жаңа жобаларының бірі – «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жинағын жұртшылық назарына ұсынды. Жинақтың шығуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетті.

Жиналған қауымға жаңа басылымды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, «Егемен Қазақстан Республикалық газеті» Акционерлік қоғамының Президенті, «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов, «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры Азат Шәуеев және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Баспасөз хатшысы Ғалым Тұмабаев таныстырды.

Құрастырушылардың айтуынша, бұл еңбекті әзірлеудегі басты мақсат — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл мәселесіндегі сындарлы саясатын, жетекші рөлін көрсету.

Осыған орай А.Шәуеев: «Еліміздегі тіл саясаты, оның ішінде қазақ тілінің өркендеуі, тіл мәселесінің басқа елдермен салыстырғанда қоғам бірлігін бұзбай, өркениетті түрде жүргізілуі Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі екендігі сөзсіз», — деп атап өтті.

Академик Ө.Айтбаев атап өткендей, басылымның басты ерекшелігі — Елбасының мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын белгілеу мен одан әрі дамытуға қатысты шешімдері мен сөздері, ой-толғамдары мен ұсыныстары тұңғыш рет жинақталып берілуі.

Сондай-ақ, бұл еңбекке соңғы жиырма жыл ішінде тіл мәселесіне қатысты қабылданған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер және де тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің түрлі басқосуларда жасаған баяндамалары, сөйлеген сөздері мен ұсыныс-пікірлері берілген.

Авторлардың айтуынша, «Елбасы және мемлекеттік тіл» басылымы тіл мамандарына қоса, көпшілік қауымның да назарын аударып, қызығушылығын арттырмақ. Жинақтан қазақ тілінің Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет алуға болады.

Жинақтың таралымы 2 мың дана және олардың басым бөлігі кітапханаларға, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына, қазақ тілі орталықтарына тегін таратылатын болады.