Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Мемлекеттік тілді дамыту» қоры журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдері жарияланды

22 Маусым 2011 | 8:52

Бүгін «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры жыл сайын берілетін «Қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі үшін» журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдерін жария етті. Биылғы сыйлыққа республикалық БАҚ-тың үш өкілі: Ғабит Мүсіреп («Нұр Астана» газетінің Бас редакторы), Максим Рожин («7 телеарнаның» журналисі), Әлия Кенжебаева («Астана» телеарнасының журналисі) ие болды.

Қор директоры Азат Шәуеевтың айтуынша, бұл журналистік марапаттың көздегені Қазақстандағы тілдік жағдайды жан-жақты және шынайы саралап, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы танымды материалдар әзірлеп жүрген, өз кәсібінде қазақ тілін кеңінен пайдаланатын да, насихаттайтын баспа және электронды БАҚ-тардың өкілдерін ынталандыру.

Бұл сыйлық 2010 жылы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында тағайындалған болатын. Оның мөлшері елу мың теңге.

Былтырғы алғашқы ақшалай жүлделермен «Ана тілі», «Казахстанская правда» және «Рудный Алтай» газеттерінің журналистері марапатталған болатын.