Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Кім білгіш: Зяткер-таным ойынының жеңімпаздары марапатталды

10 Қараша 2021 | 11:05

Нұр-Сұлтанда «Кім білгіш?» зияткерлік-танымдық ойынының жеңімпаздары марапатталды. Жүлделі орындарды иеленген алты қатысушыға арнайы диплом мен гаджеттер табысталды. Жарыс екі кезеңмен өткен. Ақтық сында бақтарын сынағандар әртүрлі білім беру тақырыптарындағы 40 мыңға жуық сұраққа жауап берді.

Ауқымды шара жыл сайын жоғары сынып оқушыларының басын қосады. Бес жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры ұйымдастырған «Кім білгіш?» білімділер додасына 45 мың оқушы қатысқан. 53-і «Жылдың ең ақылды оқушысы» атағына ие болыпты. Зияткерлік-танымдық ойынға тек Қазақстан ғана емес, былтыр өзге елдің балалары да қатысуға мүмкіндік алған. «Ойынн шарттары өте оңай» дейді ұйымдастырушылар. Бақ сынау үшін тек смартфон мен арнайы қосымша  қажет.

Азат Шәуеев, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

- Біздің ойынды ойнап, біріншіден, бос уақытын тиімді өткізеді. Екіншіден, балалар білімін жетілдіре алады. Сондықтан да біз осындай ойынды жасап шыққан болатынбыз. 4-5 жыл болды. Былтырдан бері халықаралық болып жатыр. 7000 баланың ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден көп бала ойнап жатыр. Бірақ олар финалға өткен жоқ.

Сілтеме: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2021/11/08/195360/