Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады

1 Маусым 2021 | 5:31

WhatsApp Image 2021-06-01 at 09.38.31

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирге қатысуға шақырады.

Оқушы бұл ойынға қатысудан не алады: зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, есте сақтау, елестету қабілеттерін, сонымен қатар шығармашылық белсенділіктерін арттыру, елдің мәдениетімен, тарихымен танысу және  бағалы сыйлықтар.

«Кім білгіш?» турнирі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ойын жыл сайын жаңартылып, жаңа сұрақтар қосылуда. Алдыңғы ойындардың қорытындысы бойынша республиканың әр өңірінен келген 50 жоғары сынып оқушылары арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтардың иегерлері атанды (ноутбук, планшет және смартфон).

Ойынды қатысушының қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде ойнауға болады.

Онлайн-турнирге қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қабылданады. Турнирге өз өтінімдерін www.qazaq-found.kz  сайтындағы турнирдің арнайы парақшасына алдын ала жіберген республиканың  және шет елдердің барлық орта мектеп оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

I және II кезең 2021 жылдың 1 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қашықтан, онлайн режимінде өткізіледі. Қорытынды кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nazarbaev ortalygy» даму орталығында өтеді. Ақтық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етіледі.

Турнир ережесімен Нұрсұлтан Назарбаев қорының www.fnn.kz, Мемлекеттік тілді дамыту қорының www.qazaq-found.kz,  «kimbilgish.kz» сайттарында, сонымен қатар қорлардың ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында өтетін халықаралық онлайн турнирдің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильді ойыны бойынша жоғарғы сыныптар арасында халықаралық «Кім білгіш?» онлайн турнир өткізеді (әрі қарай Турнир).

1.2.  Турнирдің мақсаты мен міндетері:

- дарынды балаларды анықтау;

- оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға және оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, олардың есте сақтау қабілеті мен шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

- білімді насихаттау;

- өскелең ұрпақты отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

- әлемді танып-білуге қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрі туралы білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

- оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

1.3. Турнир құрылтайшысы — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Байқау өткізудегі ұйымдастырушы мен серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

1.4. Турнир туралы барлық ақпаратпен ұйымдастырушылардың www.fnn.kz және www.qazaq-found.kz, сонымен қатар  https://kimbilgish.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы сұрақтардан тұратын «Кім Білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша өтеді.

2.2. Ойын бағдарламасы қатысушыларды жұптарға бөліп, жеңіске жеткен ойыншы Турнирдің басқа қатысушыларымен ойынды жалғастырады.

2.3. Ойын барлық деңгейлерде қарсыластарын ұтып шыққан жеңімпаз анықталғанға дейін жалғастырылады.

2.4. Ойын статистикасы Турнирдің әр қатысушысы жинаған нақты ұпайлар берілген рейтинг түрінде қорытынды нәтижені көрсетеді.  Ең көп дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз аталады.

2.5. Ойын әрқайсысы 3 сұрақтан тұратын 6 раундтан тұрады. Көмек ретінде қатысушыға 50/50 қызметін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Қатысушыға бір сұраққа жауап беруге 40 секунд уақыт беріліп, сұраққа жауап беруге үлгермеген жағдайда нәтиже қате деп саналады.

2.6. Қатысушыға әр раундта қолжетімді 9 категориядан кез-келгенін таңдап алу мүмкіндігі беріледі. Ойыншы «жеңілу» функциясы арқылы ойынды мерзімінен бұрын аяқтауға құқылы, алайда оның көрсеткіші ойыннан жеңіліс тапқан болып саналады. Ойын ережесінде алаяқтықтан қорғану жүйесі қарастырылған.

2.7. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.  Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

2.8. Турнирға бұрынғы ойын жеңімпаздары қатыса алмайды.

  1. ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ

3.1. Турнирдің басталуы туралы хабарлама Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz және Мемлекеттік тілді дамыту қорының https://kimbilgish.kz сайттары мен ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

3.2. Турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2021 жылдың 1 маусымынан 1 шілдесіне дейін. Турнирге www.qazaq-found.kz сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың және шет елдің жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады.

3.3. Бірінші тур 2021 жылдың 1 шілдесінен 1 тамызға дейін онлайн режимінде өтеді. Бірінші турдың мақсаты келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

3.4. I тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде ІІ турға өтеді.

3.5. ІІ турға өткен қатысушылар смс пен электронды пошта бойынша хабарландырылады.

3.6. Екінші тур онлайн режимінде 2021 жылдың 1 - 31 тамыз аралығында өтеді. Қатысушылар таңдаған тілге (орысша немесе қазақша, ағылшынша) сәйкес топтарға бөлінеді.

3.7. Қорытынды тур 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Финалда ІІ тур жеңімпаздары жүлделі орындарға (1, 2, 3 орындар) таласады. Финалдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар анықталады.

  1. ТУРНИРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

4.1. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласының «Nazarbaev ortalygy» дамыту орталығында өтеді.

4.2. Финалда ең үздік нәтиже көресеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және арнайы дипломдармен марапатталады.

4.3. Турнирдің қорытындысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарында және Қордың ресми сайттарында жарияланады.

 

Анықтама телефоны: 8 (7172) 27-26-09