Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ тілін үйренуге арналған сайттар мен қосымшалар тізімі

13 Мамыр 2020 | 9:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Карантин мен оқшаулау – өз-өзіңізді дамытуға, фильм қарау және кітап оқумен қатар, қазақ тілін меңгеруге де өте жақсы мүмкіндік болмақ.

Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін үйретуге және қазақ мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыруға арналған жобаларын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы алғашқы қазақ тілін үйренуге арналған тегін онлайн портал Soyle.kz деп аталады. Мұнда деңгей бойынша сабақтар, жаттығулары бар тақырыптық лексика, караоке, «Telegram-бот», «Борьба слов» ойыны және өзге де пайдалы құралдар бар. Сайт көмегімен аз ғана уақытта кез келген адам қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілінде сөйлей алатын дәрежеге жетеді. Сонымен бірге, порталдың ағылшын-латын нұсқасы және мобильді қосымшасы да барлығына қолжетімді», — деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының баспасөз қызметі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қарапайым әрі оңай басқарылатын Bala.soyle.kz веб сайты балаларға қазақ әліпбиін үйренуге, санау және дыбыстық сөздікті қолдана отырып, сөздерді жылдам жаттауға көмектеседі. Сайттың мобильді қосымшасы бар.

Ал Youtube интернет платформасындағы Soyletube бейнероликтері де ерекше әдіспен күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу тілі мен сөз тіркестерін меңгеруге көмектеседі.

Сонымен бірге, Қор қарамағында қазақ тілінде Tatti alma порталы бар, онда балалардың оқуға деген қызығушылығын оятуға баса назар аударылады.

«Abaialemi.kz — Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған тұңғыш онлайн энциклопедия. Мұнда қазақтың көрнекті ағартушы ақынының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы кең көлемде материалдар жинақталған. «Ұлы дала аңыздары» жобасы — «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» атты екі тараудан тұратын веб-графикалық романдар сериясы. Біздің графикалық романдарымызды немесе комикстерімізді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға болады. Ол үшін арнайы құрылған QQazcomics.kz сайты мен мобильді қосымша іске қосылған», — дейді Қор.

Ал «Qazaqstan 3D» мобильді қосымшасының көмегімен Қазақстанның көрікті жерлерімен және табиғатымен танысуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін қосымша үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Одан бөлек, қазақ мәдениетін, ұлттық тарихы мен дәстүрін қызықты фактілермен таныстыруға бағытталған «Жеті қазына», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Менің Қазақстаным», «Қазақстан мерекелері» жобалары бар.

«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны да үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді. Спорт, өнер, Қазақстан тарихы, табиғаты, ғылымы және т.б. түрлі тақырыптағы сұрақтармен қамтылған және әлемнің кез келген бұрышында отырып, бірнеше ойыншымен бәсекеге түсуге болады.

«Біздің барлық жобаларымыздың мобильді қосымшалары қолжетімді әрі тегін. Сізге тек веб-сайтты немесе мобильді қосымшаны ашып, қазақ мәдениетінің қызықты әлеміне еніп, қазақ тіліне арнайы уақыт бөлуіңіз қажет», — дейді Тұңғыш Президент қоры.
сілтемені  https://www.inform.kz/kz/kazak-tilin-uyrenuge-arnalgan-sayttar-men-kosymshalar-tizimi_a3649294