Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Халық сөзін» айтатын кез келді!

1 Шілде 2010 | 11:59

Қазақ қазақ болғалы бері халық сөзін сөйлеп, ел жүрегінен орын табуды мақсат тұтқан қазақ баспасөзі тағы бір жаңа басылыммен толықты. Елордада «Халық сөзі» атты республикалық қоғамдық-саяси газет жарық көрді.

«Халық сөзі» ақпарат айдынында бұқара халықтың көкейтесті ой-арманын ашық айта алатын өткір сөзге, өрелі пікірге жол ашатын басылым ретінде халықтық мәселелерді мәмілегерлікпен талқылайтын мінберге айналуды көздеп отыр.
Жаңа басылым арқылы билік пен халық арасын барынша жақындатып, елдегі барша игіліктің иесі де киесі де халықтың өзі екенін ашып көрсетуге, еркін тілдесуге мүмкіндік туғалы тұр. Сондай-ақ, халықтың өзіне тән басылымы ретінде әлеуметтің мұң-мұқтажына құлақ салып, әлсізге болысу, әділетке қол жеткізу «Халық сөзінің» басты бағдарына айналмақ. Сол арқылы ұлттың экономикалық, мәдени, әлеуметтік, рухани проблемалары мен өзге де өзекті тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасу алаңын қалыптастырып, түрлі түйткілдердің түйінін тарқатуға жол салуды көздейді.
«Халық сөзі» газеті тұсаукесер санында: «Тап қазір халықты не алаңдатады, ұлттың, тілдің, мәдениеттің хал-ахуалы ма, әлде, тұрмыс-тіршіліктің қамы ма? – деген сауалнама жүргізді. Оған жүздеген адам қатысып, ой білдірді. Арасында елге белгілі азаматтар да бар. Олардың ой-пікірі газет бетінде тұрақты беріліп тұрмақ. Алғашқы санда «Халық сөзі» сонымен бірге, «Абай жолынан адаспайық» атты мақала жариялап, «Абайдай ұлы тұлғаның аяулы есімін көр-жерге тели беруге болмайтыны туралы мәселе көтеріп отыр. Сол сияқты «Өнер төңкеріс кезінде де — өнер» атты мақала да оқырманды ойға жетелейді. Онда қырғыз жеріндегі алмағайып ахуал кезінде де айыр қалпақты ағайынның өнері өрістеп, жақында Алматыда өткен Ортаазиялық театр фестивалінде қырғыз театрының қазақ өнерпаздарының алдын орап кеткенін мысалға келтіре отырып, «Егер мәселенің барлығы ақшаға келіп тірелетін болса, жағдайы мүшкіл деген қырғыз театры неге озық? Неге біз қазақтан драматург таппай қысылғанда сол баяғы қырғыздарға жүгінеміз?» — деген сауал тастайды. Тақырыптың тұздығы ретінде Қырғызстанның халық әртісі, академик Мұратбек Бегалиевпен болған «Қырғыздар ататүрікті іздеуде» атты сұхбат жарияланып отыр.
Газеттің алғашқы сандарынан бастап-ақ ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен алыс-жақын шет мемлекеттердегі мәселелерге талдау жасалды. «Халық сөзі» «Қазақтың дуадағы арабтарға не үшін қажет?» деген сауал тастап, оған қияндағы Біріккен Араб Әмірлігінде қоныстанған Дуадақты қорғау халықаралық ұйымының жетекшісі Мұхаммед Сәлих әл-Байданидың жауабын жариялап отыр. Әл-Байданимен газет тілшісінің Абу-Даби құмындағы сұхбаты оқырман қауымды бей-жай қалдыра қоймайды.
Сонымен, Астана төрінен ақпарат айдынына қосылған жаңа басылым -«Халық сөзі» халықтың жата-жастана отырып оқитын басылымына айналуды көздейді. Ендеше «Халық сөзі» халықтан хат күтеді!
Электрондық пошта: halyk-sozi@mail.ru