Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақ журналистері – үлкен саяси, рухани, қоғамдық күш!

3 Қараша 2009 | 3:44

Қазақстанның медиа тарихында тұңғыш рет Қазақ журналистерінің Бірінші халықаралық форумы Астанада желтоқсан айының бірінші онкүндігінде өтеді деп күтіліп отыр. Осыған орай, Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында бас қосқан форум ұйымдастырушылары өз жоспарларымен бөлісті
Жалпы, баспасөз мәслихатына Мемлекеттік тілді қолдау қорының директоры, саясаткер Берік Әбдіғали, саясаттанушы Айдос Сарым, «Аманат» пікірсайыс клубының жетекшісі, тележурналист Берік Уәли, Abaі.kz сайтының редакторы Дәурен Қуат және Моңғолия Жазушылар одағы қазақ қаламгерлері кеңесінің төрағасы Сұраған Рахметұлы қатысты. Берік Әбдіғали қазақтілді БАҚ-тардың қоғамдағы маңызына тоқтала отырып: «Ұлт қалыптастыру процесінде шынында да қазақ газеттері мен телевидениесінің рөлі зор. Біз бүгінде қазақ журналистикасының үлкен деңгейге көтеріліп, жақсы дамып жатқанын білеміз. Көптеген ғылыми зерттеушілер мен ғалымдарға жол ашып беріп, тіпті тың тақырыптарды ашып беріп жатқан да — журналистер. Ұлттың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді саясаткерлерден бұрын журналистер көтеріп жүрген соң, бүгінгі күн тәртібін де қалыптастырып жүрген — БАҚ өкілдері» — дейді. Осыған орай Мемлекеттік тілді қолдау қорының директоры бұл құрылтайға саяси мән беріп отырғанын жеткізді. Берік Әбдіғалидің айтуынша, олар бұл форумды журналистер саяси, қоғамдық, рухани күш ретінде өзара ынтымақтасуы әрі қазақ үшін атқарып жатқан ортақ еңбектерін қолдау үшін өткізбек ниетте екен. Ал тележурналист Берік Уәли: «Форумда ешкімді де бөле-жармаймыз: оппозициялық басылым журналистері болсын, үкіметтік, тәуелді басылымдардың редакторлары болсын, бәрі де бір үстел басында жиналып, форумды секцияларға бөліп, үлкен мәселелерді талқыламақпыз. Мысалы, қазақша интернет, аймақтық басылымдар болашағы, билік және БАҚ, ұлттық рух пен ақпарат құралдары, жарнама, сапа мәселелері, т.б. шартты түрдегі ұсыныстар бар. Ал нақты ұсыныстарды біз журналистердің өздерінен күтеміз» дейді. Бұл форумға алыс-жақын шетелдерден жалпы саны 200-дей адам қатысады деп жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы жиынға Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан мен Еуропадағы қазақтілді БАҚ өкілдерін де шақыру жоспарда тұр. Моңғолияның бір өзінен 12 журналист келеді деп күтілуде. Баян-Өлгийден келген қандасымыз, қаламгер Сұраған Рахметұлы Моңғолиядағы қазақ аймағында Қазақстанның 6-7 телеарнасы көрсетілетінін жеткізді. Өкінішке қарай, онда мерзімді қазақ баспасөзі таратылмайды екен. Сондықтан аудан орталығында қазақ газеттерін интернет арқылы оқуға мүмкіндік болса, алыс ауыл-аудандарда тұратын оқырмандар отандық мерзімді басылымдарға қол жеткізе алмай жүр. Бір қызығы, Сұраған Рахметұлының айтуынша, Моңғолияда не бары 3 млн халық тұрса да, онда 98 телеарна, 83 радио мен 2700-ден астам газет қызмет ететін көрінеді! Осыған орай журналист: «Моңғолия кішкентай мемлекет болса да, бұл жағынан үлкен мемлекеттерге үлгі ретінде көрінуі тиіс» дейді.
Саясаттанушы Айдос Сарым осы күнге дейін қазақ баспасөзі мәселесінің шеттетіліп келгенін айта отырып: «Менің түсінігімде, 30 жылдан кейін бүкіл Қазақстандағы билік те, саясат та, баспасөз де қазақ тілінде ғана сөйлейді. Ол мен үшін анық нәрсе. Бірақ соған біз дайынбыз ба, дайын емеспіз бе?! Бізде алдағы 15-20 жылдың ішінде тұрған үлкен мәселе — латын әрпіне көшу. Соған біздің баспасөздің дайындығы қандай? Ол үшін қандай қадамдар жасалуы керек? Ал біздер латын әрпіне көшсек, Моңғолия мен Ресейдегі кирилл негізінде жазып жүрген қазақ бар, араб елдерінде араб әрпімен жазып жүрген қандастарымыз бар. Солармен бірге ортақ ақпараттық кеңістікті сақтай аламыз ба, жоқ па дегендей үлкен келелі мәселелерді де форум аясында қозғау керекпіз» дейді. Бұл тұста Дәурен Қуат форумды өткізуде қазақ БАҚ-тары өкілдерін белсенділік танытуға шақырады: «Осы форумның өту барысы туралы насихат жұмыстары газет, радио-телевидениенің бәрінде қолға алынса дейміз. Мысалға, қазақ газеттерінде «Қазақ баспасөз өкілдерінің тұңғыш форумы қарсаңында» дегендей айдарлар ашылып, онда үнемі ұсыныс ойлар көрініс тауып жатса жөн» дейді.
Қазірден бастап отандық журналистер Abaі.kz ақпараттық порталында ашылған форумға байланысты арнайы айдарға өз ұсыныстары, тілек-ниеттерін жеткізе алады. Онда айтылған ең өзекті тақырыптар Астанада өтетін Қазақ журналистерінің тұңғыш форумында талқыланады деп күтілуде.
Кәмшат ТАСБОЛАТ, 03.11.09