Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абай мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

11 Қаңтар 2017 | 3:45

img_32032017 жылдың 11 қаңтары күні Астана қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты – қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, интернет кеңістігінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.

Ынтымақтастық меморандумының аясында «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порталын бірлесіп толықтыруға, Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы, оның ақын шәкірттері, замандастарының естеліктері, абайтанушылардың Абайға арналған еңбектері, шығармалары жайында материалдар жинау жұмыстарын жүзеге асыру, ақпараттармен алмасу және бірлескен бастамаларды әзірлеуге қатысу көзделеді.

Анықтама үшін:

«Abaialemi.kz» — Абайдың барлық шығармалары, аудио, видео материалдар жинақталған портал. Онлайн порталда Ұлы Абай дәуірі, оның ақын шәкірттері жайлы материалдар, замандастарының естеліктері, абайтанушылардың Абайға арнаған еңбектері мен шығармалары және тағы басқа ақпараттар орналастырылған.

Порталда тұңғыш қазақ роман-эпопеясы болып танылған «Абай жолы» көптомдық тарихи романының әлем халықтарының тілдеріндегі аударма нұсқалары орналастырылған. Романды сайттан онлайн оқуға және тыңдауға болады.

Интернет портал 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. Елбасы осы аталған сыйлықтың бір бөлігін әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік тілді дамыту қорына берген болатын.

Жуырда «Abaialemi» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Енді Сіздің смартфоныңызда «Абай жолы» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бар. Мұндай патриоттық бағдарлама енді барлық «Андроид» пайдаланушылар үшін қолжетімді болып табылады. Меморандум интернет қауымдастығында Абай мұрасын әрі қарай насихаттауға ықпал ететін болады.

 

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық

қорық-мұражайының өзара шығармашылық

ынтымақтастық туралы меморандумы

 

Астана қаласы                                                               11 қаңтар, 2017 жыл

 

Қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шәуеев Азат Сәдіметұлы бір тараптан, және екінші тараптан «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы, ал бірге «Тараптар» деп аталатындар өзара шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  1. Аталмыш меморандумның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығында ашылған «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиялық порталын толықтыру мен одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру.
  1. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар төмендегідей ұйғарымға келді:
  • Ынтымақтастықты нығайту аясында мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолдану аясын одан әрі кеңейтуге;
  • «Abaialemi.kz» порталының мазмұнын толықтыру жөніндегі бірлескен жұмыстарды атқаруға;
  • Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы, оның ақын шәкірттері, замандастарының естеліктері, абайтанушылардың Абайға арналған еңбектері, шығармалары жайында өзара материалдар мен ақпараттар жинауға;
  • ақпараттармен алмасуда және бірлескен шараларды ұйымдастыруда өзара көмек көрсетуге;
  • ортақ бастамаларды әзірлеуге қатысуға.
  1. Тараптардың өзара ынтымақтастығы Конституцияға және басқа да заңдарға сай келетін нысандар түрінде де болуы мүмкін.
  1. Меморандумға қатысты толықтырулар мен түзетулер тараптардың өзара келісімі негізінде тиісті хаттамаға сәйкес рәсімделеді.
  1. Аталған Меморандум оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Меморандум ережелерінің қолданысына қатысты келіспеушіліктер қос тараптың келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі. Өзара келісім негізінде тиісті хаттамаға сәйкес 30 күн ішінде меморандум тоқтатылып, күшін жойды деп есептелінеді.

Келісім тараптар үшін мелекеттік және орыс тілінде 2 данада дайындалды және бірдей заңды күшке ие.