Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауының жеңімпаздары анықталды

4 Қараша 2016 | 12:22

4 қараша күні «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізген үздік қазақтілді интернет-сайт байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді  ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.

Сыйлық құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры. Байқау өткізудегі серіктесі мен ұйымдастырушы – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  тек қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 30-дан астам өтінім түсіп, байқау комиссиясы 7 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qazaquni.kz порталы,  «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qasym.kz порталы,  «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.kazmuseum.kz сайты, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт аталымы бойынша www.tobyl-torgai.kz сайты, «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.dodasport.kz сайты, «Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт аталымы бойынша www.martebe.kz сайты, «Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған  үздік сайт аталымы бойынша www.massaget.kz порталы жеңімпаз болып танылды.

Әрбір  номинация бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  дипломдары мен ақшалай сыйлық тапсырылды.